Page 197 - index Bapaeva
P. 197

1. Өмір тәжірибесінің әсерінен бала басынан кешірген
нәрселердің мәнін түсініп, оларды жинақтап түсіну мүмкіндігі
қалыптасады. Әрбір жаңа жүріс сайын тастар арасындағы жаңа
байланыстардың пайда болатыны сияқты, баланың тіршілік
әрекетінде белгілі пайым, тұтас ұғым жасалады. Осыдан келіп
жеті жастағы баланың танымдық әрекеті жаңа сипатка ие болады.

    2. Жеті жастағы баланың дағдарыс кезеңінде сыртқы әсерлер
жиынтығын жалпылап, басынан кешірген сезім күйлерінің даму
жағдайын түсінерлік дәрежеге жетеді. Сәтсіздікке ұшыраса оған
реніш білдіріп, өзге балалардың ұнамсыз қылықтарын жақтырмай
сырт айналады. Кемтарлардың жүріс-тұрысына күледі. Өз ба-
сынан кешірген сәтсіздіктеріне реніш білдіреді. Ал арадан көп
уақыт өтпей-ақ, ашық-жарқын бола қалады. Алайда ол көптеген
сәтсіздіктерді қорытып, оған жалпы сипат беруге ойы жетпейді.
Мектеп жасындағы бала өз сезімі мен басынан өткен жайттарды
жинақтай бастайды. Басынан кешірген ашу-ызалары тұтасып,
оның ренішті жағдайлар жайындағы түсінігі қалыптасады. Алай-
да ондай сезім күйлерінің бәрі дара уақиға сипатында болып қала
береді. Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі бақылау, намыстану
сезімдері қалыптаспаған. Мұның бәрі бала өсе келе өз бойындағы
ерекшеліктерін әр алуан жағдайларды басынан кешіру арқылы
сезіне алатын болады. Жеті жастағы баланың дағдарысы осы өз
басынан өткен оқиғалар мен мінез-құлықтарының мәнін түсіне
алмау себептерінен туындап отыратындығын атап көрсетуді қажет
етеді.

    Мектеп жасына дейінгілердің өзімшілдігі басым. Бірақ ол
өзінің мүмкіндігін жеке басының қасиеттерін бағалай білуінен
алшақ жатады. Осыдан келіп жеті жасқа қарай баланың бойын-
да бірқатар күрделі құрылымдар пайда болады. Алайда мұндай
өзгерістер мектеп жасына дейінгі қиындықтардан түбегейлі түрде
ерекше сипатта болады.

    Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар
нәтижесінде оның бұрынғы қисық-қыңыр, қылжақбас қылықтары
біртіндеп жойыла бастайды. Жеті жастағы дағдарыс кезінде ба-
лада ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуы арасында
оның тұңғыш маңызды түсіну ерекшеліктері қалыптасып, енді
тіршілік бейнесі туралы ниеттерінің ішкі күресі де пайда болады.
Конфеттің тәттісін алу керек пе, әлде оның байқалғанымен белгілі

                                    197

⇐ МАЗМҰНЫ
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202