Page 198 - index Bapaeva
P. 198

тұжырымға тоқтау қабілеті әлі де тұрақты сипат ала қоймайды.
Сондықтан олар әсерлердің қарама-қайшылығын іріктеуінде
солқылдақтық көрсетеді.

    Мектеп жасына дейінгі кезеңде кездесе қоймайтын тәрбиесі
қиын деп аталатын балалар да кездеседі. Бұл кезеңде бала өз ба-
сын бағалауда маңындағыларымен қарым-қатынаста қандай орын
алатынын ол әлі де пайымдай алмайды. Соның салдарынан ол
өзінің ішкі қайшылықтарының мән-мағынасын түсіне алмайды.
Ал жеті жастағы баланың дағдарыс кезінде мектеп жасына дейінгі
ерекшеліктерінен ажырап, дамудың жаңа кезеңіне қарай аяқ ба-
сады. Өтпелі кездегі мұндай ерекшеліктер енді баланың бойында
жаңа сапалардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырып, оның
дамуын жаңа күрделі сатыға көтереді.

    Сәбидің кез келген алға ұмтылу қадамы оған деген орта әсерін
өзгертеді. Даму тұрғысынан алғанда орта сәбидің бір жастан
екі жасқа өткен кезінен бастап сапалы сипатта болады. Осыдан
келіп баланың әлеуметтік ортаны сезінуі оның танымында елеулі
өзгерістер тудырады. Әлеуметтік ортаның баланың даму деңгейіне
күшті ықпал ететіндігі бір жаста, 3, 7 және 12 жастағы балаларда
түрліше болатындығын көрсетеді. Ортаның бала дамуына ықпалы
үнемі өзгермелі болады. Ал бала мен орта арасындағы қатынасты
жалаң түсініп, оларды даралап жеке-жеке қарастыруға болмайды.

    Әсерленудің өзі биологиялық және әлеуметгтік бағдарларды
білдіретін адам мен тіршілік арасындағы кұбылыс деуімізге бо-
лады. Баланың дамуында әсерленудің атқаратын қызметі ерекше.
Өйткені бала басынан кешірген оқиғаларға әсерленіп, олардың
мазмұн-мәнісін түсіне алады. Әсерлену әрекеті қиындығымен
балалық шақ үшін аса маңызды. Бір отбасында өскен балалардың
психикалық дамуы түрліше болатындығын жиі кездестіреміз.
Өйткені белгілі бір жағдайда балалардың әсерленуі түрліше
болатындығын көрсетеді. Әсер еткен орта баланың дамуына
күшті ықпал етеді. Сондықтан әсер етуші орта мен оған адамның
әсерленіп, оларды басынан кешіруде жан дүниесіне ықпал етіп,
түрлі әрекеттер жасауға, көптеген нәрселердің сырын білуге
жетелейді.

    Егер біздер кейбір жалпы жағдайларға жүгінетін болсақ, онда
баланың даму деңгейі сол әсерлену сипатына қарай бейімделіп
отыратындығын байқаймыз. Бала әлеуметтік ортада өмір сүретін

                                    198

⇐ МАЗМҰНЫ
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203