Page 205 - index Bapaeva
P. 205

4.6. Жеткіншектік кезеңнің психикалық дамуы

    Жоспары:
    1. Дамудың әлеуметтік жағдайы
    2. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының
айрықша ерекшеліктері
    3. Жеткіншектің ұжымдағы қарым-қатынасы
    4. Педагогтың жеткіншекпен қарым-қатынасындағы рөлі
және жеткіншектің оқу үдерісі
    5. Жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасының жеке
тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін әсері
    6. Жеткіншектердің құрдастарымен достық қарым-
қатынасы және оған қойылатын талаптары

    1. Дамудың әлеуметтік жағдайы

    Жеткіншек кезеңі – балалық шақтың соңы, балалық шақтан
жастық шаққа өтпелі кезең. Ол әдетте, 10-11 жастан 14-15 жасқа
дейін хронологиялық жасқа сәйкес келеді. Оқушының орта
сыныптардағы оқу іс-әрекетінің негізінде қалыптасқан рефлексия
қабілеті оның өзіне «бағытталады». Жеткіншек өзін ересекпен
және едәуір кішкентай балалармен салыстырып, өзінің бала емес,
дұрысы ересек екенмін деген қорытындыға келеді. Жеткіншек
өзін ересек сезініп, айналадағылардың өзінің дербестілігі мен
маңыздылығын мойындағанын қалайды.

    Жеткіншектің негізгі қажеттіліктері – құрдастарымен қарым-
қатынаста болғысы келуі, дербестілік пен тәуелсіздіккке, ере-
сектерден оңашалануға тырысуы, өзге адамдардың тарапынан
құқықтарының мойындалуын қажетсінуі.

    Есею сезімі – жеткіншек кезеңінің бастапқыдағы психоло-
гиялық симптомы. Д. Б. Элькониннің пікірінше, есею сезімі
жеткіншектің өзін басқалармен (ересектермен немесе
құрдастарымен) салыстыратын, меңгеру үлгілерін анықтайтын,
басқа адамдармен қатынастарын қалыптастыратын, өз іс-әрекетін
өңдейтін сананың жаңа құрылымдары.

                                    205

⇐ МАЗМҰНЫ
   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210