Page 206 - index Bapaeva
P. 206

Жеткіншек кезеңінің өтпелі өзгерістері биологиялық
ерекшеліктермен де анықталады. Бұл қарқындылығы «гормонал-
ды тасқын» ұғымына сәйкестендіруге болатын жыныстық жетілу
кезеңі. Дене, физиологиялық, психологиялық өзгерістер, сексуал-
ды әуестіктің пайда болуы, жан-жақты даму үстіндегі жеткіншекті
өзі үшін де бұл кезеңді тым күрделендіріп жібереді.

    Алайда, мәдениеттанушы антропологтардың еңбектерінде
(М. Мид, Р. Бенедикт және т.б.) қарапайым мәдениеттерде
жеткіншек кезеңіндегі дағдарыс пен оған байланысты тұлғааралық
және тұлғаішілік қақтығыстардың болмайтындығын көрсетілген.
Ол мәдениеттерде ересек пен баланың мінез-құлықтары мен
міндеттері қарсылықта емес, байланыста қарастырылады. Бұл
мәліметтер дағдарыстың биологиялық шарттылығы, генетикалық
бағдарламалануы, оның жыныстық жетілу үдерісімен тікелей
байланысы жайлы болжамды жоққа шығаруда. Сонымен бірге,
әлеуметтік факторлар алдыңғы жоспарда қарастырылады.

    XVII-XVIII ғасырларға дейін жеткіншек кезеңі ерекше жас
кезеңі ретінде ажыратылмаған, оның қазіргі мәртебесі салыстыр-
малы түрде жақын арада қалыптасқан тарихи құрылым. XIX
ғасырда көптеген елдерде мектептегі жүйелі құрылым енгізіледі.
Мұндай жаңалық баланың өміріндегі экономикалық тәуелділік
кезеңінің біршама артуына және оның ересек адамға тән рөлдерді
қабылдау сәтінің кешеуілдеуіне ұласты.

    Жеткіншек кезеңінің шекарасы мен мазмұны қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына, тарихи кезеңнің ерекшелік-
теріне, жеткіншектің ересектер әлеміндегі қоғамдық ұстанымына
және сол жеткіншектің өміріндегі нақты жағдайларға тығыз бай-
ланысты болады.

    Жеткіншек жас шамасы «өтпелі» кезеңі ретінде балалық
шақ пен ересектіктің үлкен айырмашылығы айқындалатын, ере-
сектер мен балаларға ұсынылатын нормалар мен талаптардың
айырмашылығы көрініс беретін индустриалды қоғамда
толыққанды ажыратыла бастады. Қазіргі заманғы қоғамда
әлеуметтік ересектік жыныстық жетілу сәтіне сәйкес келмейді.

    Жеткіншек кезеңін адамның сана-сезімінің жетілуі мен өз
бетінше екінші рет дүниеге келу сәті ретінде алғаш рет
Ж. Ж. Руссо ажыратып, көрсетеді

    Жеткіншек жас шамасы психологиясының өзегін құрайтын

                                    206

⇐ МАЗМҰНЫ
   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211