Page 207 - index Bapaeva
P. 207

негізгі идеялар С. Холлдың «Есею» («Взросление») атты еңбегінде
баяндалады.

    С. Холл жеткіншектік кезеңнің өтпелілігі, «толқын мен
тегеурін» кезеңі жайлы түсінікті қалыптастырады. Ол дамудың
аталмыш кезеңінің мазмұндық-жағымсыз сипаттамаларын
құрастырады (тәрбиеге икемсіздік, даукестік, эмоциялық
тұрақсыздық).

    К. Левин жеткіншектің балалар әлемі мен ересектер
әлемінің арасындағы – екі мәдениеттің арасындағы тұрғысында
айқындалатын маргиналдығын сөз етеді. Жеткіншек балалар
мәдениетінің мүшесі болғысы келмегенімен, шынайы ақиқаттың
тарапынан қарсылыққа тапболып,әлідеересектерқоғамдастығына
ене алмайды. Бұл жәйт «өмірлік кеңістіктердің» алмасуын-
да когнитивті дисбаланстың, бағдарлардың, жоспарлардың,
мақсаттардың белгісіздігінің орын алуына ұласады.

    Жеткіншек тұлғасының дамуы психологиялық тұрғыда
З. Фрейд және А. Фрейд еңбектерінде де талданып, сипат-
талады. Жеткіншек кезеңіндегі жыныстық жетілу, сексуалды
қуаттың толқыны тұлға құрылымдарының арасындағы бұрында
қалыптасқан тепе-теңдікті құлдыратып, балалар қақтығысы жаңа
қуатпен қайта жанданады.

    Э. Эриксон жеткіншек кезеңі мен жасөспірімдік шақты
адамның өзін-өзі тұлғалық анықтау, ұқсастығын ұғыну
міндеттерінің шешіміне қол жеткізудің орталық кезеңі ретінде
қарастырады.

    Кеңестік психологияда жеткіншек кезеңіндегі дамудың
заңдылықтарын ұғынудың негіздері Л. С. Выготский, Д. Б. Элько-
нин, Т. В. Драгунова, Л. И. Божович, Д. И. Фельдштейн, Г. А. Цу-
керман және т.б. еңбектерінде көрініс табады. Жеткіншек кезеңін
жиі дағдарыс, «қалыпты патология» кезеңі ретінде талқылап, оның
екпінді ағымын, жеткіншектің өзі әрі өзімен қарым-қатынастағы
ересектер үшін күрделілігін сөз етеді (мысалы, Божович Л. И.).
Д. Б. Эльконин, керісінше жеткіншектіктің өзін тұрақты кезең
ретінде қарастырып, дағдарыстарды ажыратады (жеткіншек алды
және жасөспірімдік кезеңге өтердегі дағдарыс). Жеткіншек кезеңі
психикалық даму кезеңі ретінде баланың қоғамдағы дербес ор-
нын іздеуімен байланысты жаңа сапалы әлеуметтік ұстанымына
көтерілуімен сипатталады. Жоғары талаптар, өзінің мүмкіндіктері

                                    207

⇐ МАЗМҰНЫ
   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212