Page 208 - index Bapaeva
P. 208

жайлы әрдайым орынды бола бермейтін түсініктері жеткіншектің
ата-аналарымен, ұстаздарымен сансыз дау-дамайларға, қарсылық
мінез-құлқына әкеледі.

    Қалыпты ағымдағы жеткіншек кезеңінің өзіне де дамуының
үйлесімсіздігі, секірмелілігі, уақыт бойынша сәйкессіздігі тән.
Интериндивидуалды (хронологиялық жас шамасы бойын-
ша жасты жеткіншектер психикасының әр қырының дамуы
уақыт кезеңінде сәйкес келмеуі) әрі интраиндивидуалды (мы-
салы, дамудың интеллекті қыры жоғары деңгейде болғанымен,
ырықтылығының деңгейі салыстырмалы төмен болуы ықтимал)
сәйкессіздік байқалады.

    2. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының
айрықша ерекшеліктері

    Жеткіншектің құрдастарының тобында қанағаттандырушы
орынға ие болу ұмтылысы референтті топтың мінез-құлқы
мен құндылықтарына деген жоғары конформдылығына ұласуы
әлеуметке қарсы қоғамға араласу жағдайында тым қауіпті болуы
мүмкін.

    Жеткіншек психикасының өтпелілігі балалықтың және
ересектік бітістерінің бірдей қатысуымен, тіршілік етуімен сипат-
талады.

    Жеткіншек кезеңінде кіші кезеңдерге тән мінез-құлықтың
кейбір көріністеріне бейімділік сақталуы мүмкін. Олар:

    1. Бас тарту. Ол мінез-құлықтың үйреншікті формалары:
қатынастардан, үйдегі міндеттерінен, оқудан және т.б. бас тар-
тумен сипатталады. Өмірдің үйреншікті жағдайларының күрт
өзгерістері (отбасынан ажырау, мектепті ауыстыру) себебіне ай-
налса, жеткіншектің психикалық жетімсіздігі, невротикалық
бітістері, тежелу белгілері сияқты реакциялардың туындауын
жеңілдететін негізге айналады.

    2. Оппозиция, қарсылық көрсету. Жеткіншек мінез-құлқының
қалаулы мінез-құлыққа қарсылығымен көрініс береді. Наразы
даңғойлық, қыдырымпаздық, қашу, ұрлық және қарсылық ретінде
жүзеге асырылатын бір қарағанда жөнсіз қылықтар.

    3. Еліктеу. Әдетте балаларға тән әрі жақындары мен

                                    208

⇐ МАЗМҰНЫ
   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213