Page 209 - index Bapaeva
P. 209

туысқандарына еліктеумен анықталады. Жеткіншектер үшін
қайсыбір қасиеттерімен идеалдарына сай келетін ересек еліктеу
нысанына айналады (мысалы, театр жайлы армандайтын
жеткіншек сүйікті актердің қылықтарына еліктейді). Еліктеу
көрінісі әлеуметке қарсы ортадағы тұлғалық дамуы жетілмеген
жеткіншекке тән.

    4. Орнын толтыру. Баланың мұндай қылығы өзінің бір
саладағы дәрменсіздігін басқасындағы жетістіктермен орнын
толтырумен анықталады. Егер орнын толтырушы есебінде
әлеуметтік талаптарға қарсы көріністер таңдалса, мінез-құлық
ауытқулары орын алады. Мысалы, үлгерімі төмен жеткіншек
сыныптастарының беделіне дөрекі, қиқар қылықтарымен ие
болуға құмар болуы мүмкін.

    5. Гиперкомпенсация. Бала немесе жеткіншек үлкен
дәрменсіздікті анықтайтын салада жетістікке жету ұмтылысымен
шартталады (дене әлсіздігінде – спорттық жетістіктерге деген
тұрақты талпыныс, ұялшақтық пен ренжігіштікте – қоғамдық іс-
әрекетпен айналысу және т.б. әуестіктер).

    Жалпы жеткіншек кезеңіндегі психологиялық әсерлер
қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте пайда болып, сол кезеңге
тән мінез-құлықты қалыптастыруы мүмкін:

    1. Эмансипация. Жеткіншектің дербестікке, ересектердің
қамқорлығынан азат болу ұмтылысымен сипатталады. Ортаның
жағымсыз жағдайларында үйден қашу, ата-аналарына,
мұғалімдерге бағытталған аффективті ызалық, сондай-ақ жеке-
дара ассоциалды қылықтардың себебіне айналуы мүмкін.

    2. «Теріс еліктеу». Отбасы мүшелерінің жағымсыз мінез-
құлықтарына қатысты қарсы мінез-құлық көрініс беріп, эманси-
пация реакциясының қалыптасуына, тәуелсіздік үшін күреске се-
бепкер болуы ықтимал.

    3. Топтасу. Өз көшбасшысы, топішілік өзара қатынастардың
жүйесі бар және мінез-құлықтың нақты стилі тән жеткіншектердің
спонтанды топтарын қалыптастыру ұмтылысы. Ортаның
жағымсыз жағдайларында жеткіншек жүйке жүйесінің әртекті
толымсыздығында оның бұл көрініске бейімділігі мінез-құлқын
анықтап, ассоциалды қылықтарының себебіне айналуы мүмкін.

    4. Әуестену (хобби-реакция). Ол жеткіншек тұлғасының ішкі
құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды. Спортқа әуестену,

                                    209

⇐ МАЗМҰНЫ
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214