Page 210 - index Bapaeva
P. 210

құмар ойындары, коллекция жинау көбінде жеткіншек ұлдарға
тән. Өзіне назар аудару ұмтылысы себепкер болған әрекет (көркем
өнерпаздық, әдеттен тыс киім үлгісіне әуестік және т.б.) көбінде
қыздарға тән болады. Қайсыбір затқа, құбылысқа, пәнге (әдебиет,
ән-күй, бейнелеу өнері, техника, табиғат және т.б.) деген терең
қызығушылықты сипаттайтын ақыл-ой – эстетикалық әуестіктер
жеткіншектердің екі жынысында да қатар байқалуы мүмкін.

    5. Қалыптасушы сексуалды әуестікпен шартталған көріністер
(сексуалды проблемаларға деген жоғары қызығушылық білдіру,
жыныстық өмірдің ерте басталуы, онанизм және т.б.).

    Сипатталған көріністер аталмыш жас шамасына тән қалыпты
кезеңдерде мектептегі немесе үйдегі әлеуметтік бейімсіздікке
әкелуімен шектелмейтін, кей-кейде емдеу шараларын талап ететін
патологиялық кезеңдерде де орын алуы ықтимал.

    Мінез-құлық көріністерінің туындаған шағын топшаның
немесе жағдайдың шегінен тыс таралуы, невротикалық
ауытқулардың қосылуы, жалпы әлеуметтік бейімделудің бұзылуы
олардың патологиялық белгілерін анықтайтын өлшемдер
қатарынан саналады. Мінез-құлықтың патологиялық және
қалыпты формаларын дер кезінде ажырату маңызды, өйткені
олар педагогикалық және әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлеріне
мұқтаж болып, кей жағдайларда дәргерлік терапияны талап етуі
мүмкін.

    Жеткіншек кезеңінде психикалық дамуының маңызды
бағыты қиындықтар мен проблемаларды жеңу стратегиялары мен
тәсілдерін қалыптастыруға тығыз байланысты.

    Олардың біршамасы балалық шақта күрделілігі қалыпты
жағдайларды (сәтсіздіктерді, ұрыс-керістерді) шешу үшін
қолданылып, үйреншікті әдетке айналады. Жеткіншек кезеңінде
олар түр өзгеріске ұшырап, жаңаша ересек мағынамен толысады,
дербес бітіске ие болады.

    Адамның қиын-қыстау жағдайындағы мінез-құлық
тәсілдерінің ішінен конструктивті және конструктивті емес стра-
тегияларды ажыратуға болады.

    Проблемаларды шешудің конструктивті тәсілдері жағдаятты
белсенді өңдеуге, жарақаттаушы жағдайларды жеңуге
бағытталады.

    Мінез-құлықтың конструктивті емес тәсілдері алыс жоспарға

                                    210

⇐ МАЗМҰНЫ
   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215