Page 211 - index Bapaeva
P. 211

ысырылған проблемалардың себебін анықтауға бағытталмай,
салыстырмалы жайлылық елесін тудыратын жағымсыз қуатты
шығару және өзін-өзі тыныштандырудың әртекті түрлерін
білдіреді.

    Танымал неміс психологы X. Ремшмидтің пікірінше,
психопатологиялық симптомдар бейімсіз икемделу, жеткіншектің
өмірінде орын алған қиыншылықтарды жеңудің толымсыз амал-
дарын анықтайды.

    3. Жеткіншектің ұжымдағы қарым-қатынасы

    Жеткіншектік кезеңге өтудегі баланың жеке басының
қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістері сана-сезімнің дамуын-
дағы сапалық өзгеріспен анықталады, сондықтан бала мен
ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады.

    Жеткіншекте ересек адамның позициясы қалыптаса бастай-
ды, оған ересектік сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін
басқа адамдардың тануы негіз болады. Жеткіншек бұл игіліктерге
белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын
құрайды. Мінез-құлық пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері,
өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі
бағалаудың критерийі болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана
ішкі дүниеге көшірілген әлеуметтік сана-сезім болады.

    Әлеуметтік өмір адамдар арасындағы қарым-қатынаста дами-
ды. Осы қарым-қатынас негізінде өзара әрекеттестігінің негізі
қалыптасады. Басқа адамдарға бағдарланудың негізінде жүзеге
асатын, әлеуметтік әрекет арқылы болатын, адамдардың байланы-
сын әлеуметтік байланыс дейді.

    Кез келген адамның қарым-қатынаста нақты әлеуметтік рөлі
бар. Мұндай рөлдер жеке адам туралы ақпарат береді және кейбір
жақтарын жасыруы да мүмкін. Қарым-қатынас тәсілдерін және
мәнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысын адамның өзі
және басқа адамдар жайлы ақпараттары анықтайды.

    Адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктері жоғарғы
жүйке жүйесінің типімен анықталып, темперамент қасиеттерімен
көрінеді. Адамның психикалық құбылыстары экстраверсия мен
интраверсия қарым-қатынаста айқын көрінеді. Басқа адамдар-

                                    211

⇐ МАЗМҰНЫ
   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216