Page 212 - index Bapaeva
P. 212

мен жеңіл тіл табысып, әрі таныстарының шеңбері кең адам-
дар, жүйке іс-әрекетінің неғұрлым күшті типімен байланыс-
ты экстраверсиялық қасиеті басым адамдар. Мұндай адамдар
әртүрлі істерді атқарғанды ұнатады, өздері қоршаған адамдардың
көзқарасына тәуелді.

    Интраверттер жүйке іс-әрекеті әлсіз типтегі адамдар, олар
өздерінің ішкі жан дүниесін бағалайтын адамдар. Қарым-
қатынаста өз серігін таңдап отырады, сондықтан таныстардың
шеңбері тар.

    Адам өзін бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Басқа топпен
қарым-қатынаста болған, адам үшін өте пайдалы. Біріншіден,
ол адамның көзқарасы, қоршаған әлемге деген әсері, ойлары
өзгереді, Екіншіден, тікелей қарым-қатынас, арқылы болатын,
жаңа психикалық құбылыстар пайда бола бастайды.

    Топ – бұл өзіндік күйі мен құрылымы бар бүтін бір ұйым.
Топтың әр мүшесін жақсы біле тұрып, оның қарым-қатынастағы
іс-әрекетін алдын ала болжау мүмкін емес.

    Ұжымның табиғи әлеуметтік-психологиялық негізі – бұл
кіші топтар. Кіші топтардың жоғарғы дәрежде дамуымен ұжым
қалыптасады. Ол бірден пайда болмай, мақсатты түрде жүзеге
асады.

    Іскер және жеке қатынастардың үйлесімділігі қандай да бір
топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші. Баланың
мінез-құлқы топ арқылы бағаланатындықтан, бала үшін топтың
маңызы өте зор.

    Л. И. Уманский мен әріптестері топты ұжым ретінде сипаттай
отырып, оның мынадай белгілерін бөліп көрсетеді:

    1. Топтың адамгершілік бағытындағы бағдарының мазмұны.
(Топ мүшелері мақсатының, мотивтерінің бірлігі)

    2. Ұйымдасқан бірлік
    3. Кез келген іс-әрекет түрінде топтың бірлескен даярлығы.
    4. Психологиялық бірлік (интеллектуалды, эмоциялы, еріктік)
    Ұжымның екі қыры болады. Біріншіден, іс-әрекет түрлері мен
сипаты, мүшелерінің санын анықтайтын педагогтық саналы әрі
мақсатты ықпалының объектісі. Екіншіден, балалар тобы өзгеше
әлеуметтік психологиялық заңдылықтарға сүйенген, салыстырма-
лы түрде тәуелсіз құбылыс.
    «Біз» деп аталатын топтар адамның мінез-құлқы мен
дамуының өзгеруіне өз әсерін тигізуі мүмкін. Әлеуметтік психо-

                                    212

⇐ МАЗМҰНЫ
   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217