Page 213 - index Bapaeva
P. 213

логияда мұндай топты референтті немесе эталон топ деп те атай-
ды.

    Референтті топтар шынайы қызмет етуімен қатар, ойдан да
шығарылуы мүмкін. Олардың атқаратын қызметі ортақ.

    1. Референтті топтың жағымды не жағымсыз болуына байла-
нысты әлеуметтік салыстыру қызметін атқарады.

    2. Референт топ адамның қалыптасуына байланысты ережелер
мен нормалардан тұрады, сондықтан нормативті қызмет атқарады.

    Жағымды психологиялық ахуалмен сипатталатын ұжым ғана
жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ете алады. Психологиялық
ахуал – ұжым мүшелерінің адамгершілігімен анықталатын, жеке
және іс-жағдайындағы өзара қатынастар эмоционалды дәрежеде
көрініс беретін, ұжымның психологиялық көңіл-күйі.

    Ұжымның психологиялық ахуалы қарым-қатынас үдерісінде
қалыптасады, оның негізінде топтың бүтіндей қажеттіліктері
жүзеге асады.

    С. Л. Рубинштейн бойынша сыртқы әсерлер жеке тұлғаның
ішкі құрылымында өзгеріске ұшырап, өзіне біршама әсер етеді.
Іс-әрекеттің берілген түрлерінің өзара күрделі әрекеттестігіне
тәуелділігінен ұжымның топтық даралығын көреміз.
Психологиялық ахуалдың рөлі ұжымдағы өзара әрекеттестікте
ерекше орын алады.

    Іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланысты
топтардың дамуы мынадай деңгейде көрінеді:

    1. Атаулар тобы – ұжымдық дамудың нақты көрсеткіші жоқ,
тек қағаз жүзінде ғана болады. Ортақ қызығушылық біріккен іс-
әрекеттің азғантай тәжірибесі бар қатынастармен анықталады.

    2. Ассоциация – өзіндік ортақ іс-әрекеттің мақсаты, құрылымы
бар, бірақ біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола алмайды.

    3. Корпорация – ортақ мақсат және оны жүзеге асырудағы
іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға
тән серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-
қатынастың белгілі бір дәрежеде топтық тәжірибені құрап, оның
сол іс-әрекет түрінде даярлығын қамтамасыз етеді.

    4. Ұжым – дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-әрекеттің негізінде
қоғамдық құны, мақсаттары мен мотивтері бар мұндай топ
даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғарғы деңгейін сипат-
тайды.

    Әлеуметтік психолог В. Б. Ольшанский адамдардың бір-

                                    213

⇐ МАЗМҰНЫ
   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218