Page 214 - index Bapaeva
P. 214

бірінің іс-әрекетіне өзара әсер етудің мынадай түрлерін береді:
    1. Өзара жеңілдік, яғни сол серіктердің қатысы екеуінің де іс-

әрекетінің тиімділігін арттырады.
    2. Өзара қиналу, яғни өзара қатысу әрқайсысының іс-

әрекетінде қателіктердің пайда болуына ықпал етеді.
    3. Біржақты жеңілдік – бір серігінің қатысы басқасының іс-

әрекетін жеңілдетеді (мысалы, ересек пен бала).
    4. Біржақты қиналу – бір адамның қатысы екіншісіне кері

әсерін тигізеді.
    5. Тәуелділік – екеуінің қатысы ешқайсысының іс-әрекетіне

әсер етпейді.
    Іс-әрекетке әсер ету түрлерінің көптеп кездесуі психологиялық

сыйысушылық деген құбылыстың куәсі. Психологиялық
сыйысушылық дегеніміз – өзара әрекеттесуші адамдардың ең
аз дәрежедегі шығынындағы іс-әрекетінің жоғары дәрежедегі
нәтижеге жеткізуі.

    Әрбір тұлғаның белсенділігі сол ұжымның ахуалымен
анықталады. Яғни, ұжымның тұлғаға тигізер дәрежесі сияқты.

    Әрбір тұлғаның дамуына ықпал ететін және ұжымның
еңбекке деген ынтасын қамтамасыз ететін психологиялық ахуал-
ды ұжымдастыруда топ мүшелерінің өзара қатынасын реттеу ке-
рек. «Өзіндік реттеушісі жоқ» «ұжымдық іс-әрекет» тәрбиеленуші
фактор бола алмайды.

    Психологиялық біртұтастылық немесе коммуникативтілік,
жүйенің өзіндік реттеуін және өзіндік бағдарлануын, жүйке
бөлшектерінің қасиеттерін бүтінге бағыттаудың әрекеттерін
қамтамасыз етеді.

    Бұл құбылыс мына нәрселерді қамтиды:
    * Ақыл-ой бірлігі – белгілер жүйесін бір түрге келтіру қабілеті,
топтық тілдің пайда болуы, шешімдерді қабылдаудың тиімді әдіс-
тәсілдерін анықтау.
    * Эмоционалды бірлік – бүкіл жүйке хал-ахуалының индикато-
ры, жүйені өзіндік реттеу, мінез-құлықтың бейімделу және орнын
толтыру механизмдерін анықтау топ-топ тіршілігінің қосымша
энергоресурсын қалыптастыру қабілеттері.
    * Еріктік білік – топтың мақсатқа жетудегі кедергілерін жеңуде
күшін жұмылдыру қабілетінде анықталатын топ жұмысының
«күн-тәртібінің» реттелушісі.

                                    214

⇐ МАЗМҰНЫ
   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219