Page 27 - index Bapaeva
P. 27

«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп,
көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем
екен деген».

    Оныншы қара сөзінде:  «Баланың жақсысы – қызық,  жаманы
– күйік. ... Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне,
мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың.
Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп,
біреуді боқтатып, «кәпір – қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны
масаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа берген-
де, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол
деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі
жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы
баладан қайыр күтесің бе?» (17-қосымша).

    Бала жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәрі
де балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны
тартымды, олардың жан-дүниесіне әсер етерліктей іріктелініп
алынған. Осы әңгімелерде мұғалімлер мен ата-аналардың ба-
лаларды әртүрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларының ерекшеліктерін ескере оты-
рып, олардың жан дүниесіне әсер ету арқылы еңбексүйгіш,
адамгершілігі мол, зейінді де зерделі, адал да, әдепті, білімді
азамат болып жетілуін көздеді. Осы биік талғамға сәйкес жас
буынның қабылдау және жас ерекшеліктерін ескере келіп, әрі
қысқа әрі нұсқа әңгімелер жазды.

    Мәселен, “Бақша ағаштары” әңгімесінде жас баланы жас
шыбыққа теңейді. “Баланы жастан” дегендей, оның тұлға ретінде
қалыптасуы тәрбиеден, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының
үйлесімді өрілуімен, бағып қағудан, таным әрекеттерінің дамуы-
на мүмкіндік жасаудан тұратынына анық суреттеледі. Ағартушы-
ұстаздың «Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар, ата-
дан жаман ұл туса, ат үстінен ит қабар», «Адам болар баланың
кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» де-
ген мақалдарындағы ойлары, әлеуметтік психологияның ғылыми
зерттеу нысаны болып табылатын адамаралық қатынастардың
жасөспірімдердің тұлға ретінде қалыптасуына ерекше ықпалының
мәні туралы ғылыми тұжырыммен өзектес келеді.

    Профессор М. М. Мұқанов «Жас және педагогикалық пси-

                                     27

⇐ МАЗМҰНЫ
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32