Page 229 - index Bapaeva
P. 229

қарайтын болсақ, ол әртүрлі. Өзінің мүмкіншілігін объективті
түрде бағалай алатындар мақтаншақ келеді. Бірақ бұл қасиет
бірте-бірте жойылып, жеткіншек өзін объективті түрде бағалауға
үйренеді. Құрбыларымен әңгімелескенде қандай мінез-құлықтың
жағымды, не жағымсыз екені туралы пікір негізгі түрткі бо-
лады. Сөйтіп өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалауға үйренеді.
Жеткіншек өзінің есею мақсатында есейген адамның мінез-
құлқы қандай болуы керек осы мәселе көп ойландырады. Со-
нымен қатар, жасөспірім келешектегі қиыншылықты жеңуге
өзін даярлайды және есеюді мынандай екі мағында түсінеді.
Біріншіден, ірі қайраткер болсам дейді. Есейіп азамат қатарына
жету дегенде физикалық күшінің толысқанын, яғни шыдамды
болуын айтады. Екіншіден, тобы есею деген сөздің мағынасын
фантастикалық шығарамаларды оқып, сондағы ғылым мен техни-
ка ғажайыптарына ие болсам деп армандайды. Яғни бұлар есеюді
техниканың жетістігімен танысу деп түсінеді.

    Жеткіншек жасындағы қыз балалардың есеюге деген
көзқарасы өзгеше болып келеді. Олардың көпшілігі өнерге көңіл
бөліп, яғни биге, музыка аспаптарында ойнап, өздерін көпшілік
алдында көрсете алса, осыны есеюдің белгісі деп ойлайды.
Эстетикалық талғамын дамытып, өнер саласында қабілетін
ұлғайтуға ұмтылады. Ұлдарға қарағанда қыз балалардың
есеюді былайша түсінуі екі жыныс арасындағы ерекшелікті
білдіреді. Ересектердің ісіне еліктеп, азаматтық әрекеттерге
ұмтылуы жасөспірімнің психикалық дамуына әсер етіп, өмірге
дайындығына өз ықпалын тигізеді. Бір жағынан қоғамдық өмірге
энтузиазммен кірісіп кетсе, бір жағынан жалғыздыққа ұмтылады.

    Олардың жандары өте нәзік болып келетініне қарамай, өздерін
қоршаған адамдармен дөрекі ұстауы мүмкін. Олардың көңіл-күйі
жарқын оптимизммен түнерген пессимизмнің ортасында тербеліп
жүреді. (Фрейд А., 1993).

    Көңілдерінің әркелкі болуы жасөспірімдерді жиі депрессияға
ұшыратып отырады. Жастардың өз күшіне сенуі олардың шамасы
келмейтін жұмыстарды өз мойындарына алдырады. Ал кей кез-
дерде өз-өзіне сенбеушілік олардың да жүректерін қинайды.

    Өзгелерге сын көзбен қарау. Бұл жаста жасөспірімдер
үлкендердің жіберген қателіктерін көрсетіп, олардың
әділетсіздіктерін теріп отырады. Олар мұғалімдерге, қоршаған

                                    229

⇐ МАЗМҰНЫ
   224   225   226   227   228   229   230   231   232   233   234