Page 227 - index Bapaeva
P. 227

қатынастардың сақталуына қолайлы болады, бұл жағдайлар мы-
налар:

    1. Жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі: мектеп
оқушысы қалпында қала бермек.

    2. Материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-
анасы да ұстаздары сияқты тәрбиеші рөлін атқарады.

    3. Ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру,
бақылау әдеті.

    4. Бастапқыда жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында
балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай
алмайтындығы. Мұндай көзқарастар жеткіншектердің талаптары-
на қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ
өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Бұл күрделі
үдеріс, жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар
жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестікті
қажетті түрде арттырумен, міндеттер мен праволарды ұлғайтумен
байланысты. Осындай жағдайда ғана жеткіншек ересек адам
сияқты іс-әрекет етуге, ойлауға, әртүрлі міндеттерді орындауға,
адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады.

    6. Жеткіншектердің құрдастарымен достық қарым-
қатынасы және оған қойылатын талаптары

    Адам әлеуметтің ажырамас бөлігі болғандықтан, оның өмірін
және дамуын адамдардың қарым-қатынасынсыз елестету мүмкін
емес. Адамның қоғамның мүшесі ретінде басқа адамдармен өзара
қатынасында, қарым-қатынастың ерекше түрі адамның әлеуметтік
қатынастары жүзеге асады.

    Жеткіншектердің үлкендердің қамқорлығынан бас тар-
туы, оларды өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауына
итермелейді. Әркімнің өзінің алға қойған мақсат, тілегі, ішкі
сыры болады, сол жөнінде тек ең жақын досымен бөліскенді
ұнатады. Туысқандарынан гөрі жеткіншектің мұңын, уайымын
өз құрдастары ғана түсіне алады, себебі бұлар да туғандарымен
келіспеушілікті басынан өткізген.

    Жеткіншектің өз құрдастарымен қарым-қатынасы әртүрлі
дәрежеде болды. Сыныптағы бір баламен тек достық қатынаста

                                    227

⇐ МАЗМҰНЫ
   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232