Page 228 - index Bapaeva
P. 228

болса, өзгесімен жолдастық қатынаста болады. Бір-екі бала
достық қатынаста бола алады. Мұндай топты әлеумет психология-
сында микротоп деп атайды. Микротопты анықтау үшін мысалы,
екі бала әңгімелесіп тұрғанда қасына үшінші бала келсе, әңгімесін
үзіп өзге әңгімеге көшеді. Себебі келген үшінші балаға айтылмай-
тын сырлары бар. Достық қатынас дегеннің өзі екіжақты үдеріс;
жеткіншек кім болса сонымен дос бола алмайды. Достық қарым-
қатынас екінші адамның қабылдауынан болады. Ал егер құрбысы
дос болуға даяр болмаса, онда дос болғысы келетін жеткіншек сол
мақсатқа жету үшін барлық әрекетті жасайды.

    Жеткіншек өзіне дос таңдау үшін өзіне әртүрлі талаптар қояды.
Мысалы, өзінің досының мынандай сапаларына ерекше мән береді;
шынымен дос болуға деген ниеті қандай, қиыншылық жағдайда оны
тастап кетпейді ме? Сонымен бірге жеткіншектер арасында бедел-
дісі болады, яғни екі бала арасындағы ренішті шешуші орбитр
рөлін атқарушы. Әлеумет психологиясында мұндай баланы лидер
деп атайды. Ұйымдастырушылық қабілеті бар жасөспірімдерді
көбіне сынып жетекшілері староста етіп тағайындайды. Бірақ
жақсы оқитын жеткіншектердің бәрі бірдей беделді бола бермейді.
Осының нәтижесінде бір сыныпта формальдық және формальдық
түрде бекітілген лидерлер кездеседі. Кей жағдайда формалдық
түрде бекітілмеген көсемдерді тыңдайды. Сынып басшыларын
беделі төмен жеткіншектен сайлау, коллективтік қасиеттерінің
қалыптасуына кедергі жасайды. Сондықтан мұндай жағдайды да
ескеру керек. Жеткіншектер, сонымен қатар моральдық кодекс
дегенді ересек адамдарға қарағанда басқаша түсінеді. Олардың
түсінігінше егер дос болып жүрген баласы сатып кетсе немесе
жақсы баға алу үшін мұғалімдерге жағынатын әдеттерді де жек
көреді. Жасөспірім өзінің досының көпшілікке ұнамды болғанын,
адамгершілігінің мол және айтқан сөзіне тұрып, өзгелерге қиянат
жасамауын қалайды. Көбіне жеткіншек өзіне осындай талаптар-
ды басшылыққа алады. Олар өздерінің көздеген мақсатын доста-
рымен бірлесе отырып шешіп, игілігін бірге көргенді ұнатады.
Мұндай достық қатынас олардың қарым-қатынасының тым жақын
екендігін көрсетеді. Т. В. Драгунова жеткіншектің құрбыларымен
достық қасиетін зерттеп, өз құрдастарымен достық қарым-
қатынаста болуы, оның тәрбиеленуіне әсер ететтін фактор.

    Жеткіншектің өзін бағалай алуы қаншалықты дұрыс деп

                                    228

⇐ МАЗМҰНЫ
   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232   233