Page 226 - index Bapaeva
P. 226

тілін оқудың талабы адам біріншіден, өз денесін сезіп, өз денесін
қабылдауы керек, соған байланысты өзіндік «мені» мен өзін-өзі
елестетуі қалыптасады. Адам өз денесін түсініп, сезінгенде ғана
ол басқа адамдардың қимыл қозғалысының мағынасын, дене
көрінісін түсіне алады.

    Контактыда өзін еркін көрсету – ол өзінің нендей сезімде
екеніңді саналы түрде болжау қабілеті. Жеткіншектер жиі
өздерінің мінез-құлқы жөнінде көп ойлана бермейді, оларды бір
ерекше күш алып жүргендей сезімде болады. Мұндай жағдай,
әсіресе ашу үстінде көрініс табады. Ашудың буырқанған толқын
болып соғуы, ол бұрын болған жағымсыз эмоциялардың себеп-
салдары және бала кездегі реніштің жемісі. Бұл мәселе егер
жасөспірім өзіне деген сенімділікті және өздігінен болатын
қарым-қатынасқа ие болғысы келсе, онда бұл проблема міндетті
түрде психологиялық тұрғыдан жұмыс істеуді талап етеді.

    Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі, ең алды-
мен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды.
Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін
кемсітуге, дербестікке деген құқықтарынан айыруға болмай-
тын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың
балалық кезде болған типі жеткіншек үшін ересектік дәрежесі
туралы көзқарасына сәйкес келмейді. Олар енді өзінің жеке ба-
сымен адамдық қадір-қасиетін құрметтеп ересектердің право-
ларына шектеу жасайды. Ерсектермен тең құқықтылықты талап
етіп, оны мойындатуға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен
бағынбауының түрлі формалары ересектермен қатынасының
бұрынғы типін, ересектердің қарым-қатынасына тән жаңа типіне
өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектік сезімінің пайда болуы
және оны ересек адам ретінде қабылдауын талап етуі, қарым-
қатынастағы құқықтың мүлдем жаңа проблемасын туғызады.

    Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекшелігі, ере-
сек адам мен баланың қарым-қатынасының ересектік қатынасқа
тән саналық тұрғыдан жаңа типке өтуі жүзеге асады. Бұл өту
әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдері қалыптасу үдерісі
ретінде болады. Жаңа тәсілдер ескі тәсілдерді ығыстырады. Ере-
сектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары жеткіншектің
қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды
мазмұны. Бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарама-

                                    226

⇐ МАЗМҰНЫ
   221   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231