Page 225 - index Bapaeva
P. 225

Өзін-өзі тану үдерісі мен іскерлік шеңберінің кең
қалыптасуы және жеке тұлғалар арасындағы іс-әрекет әдістері
соншалықты жасөспірімді жаулап алады, олардың сабаққа де-
ген қызығушылығының күрт төмендегенін байқауға бола-
ды. Көптеген жасөспірімдер үшін бір-бірімен қарым-қатынас,
өмірдегі ең қажетті сұраныс болып қалады.

    Жасөспірімдер өміріндегі эмоционалды маңызды
факторларының бірі вербальды емес компонентті қарым-
қатынасқа аса көңіл бөлу керек. Олар ұзақ уақыт айнаның алдын-
да тұрып түрлі мимикалық, пантомимикалық қимылдар жасап
өздерін бақылайды. Бұл өзін-өзі танудағы сенімділігі өз «Менін»,
өзінің денесінің мүмкіндіктерін зерттеуінен айқын көрінеді.

    Еш күмәнсіз табысты қарым-қатынастың негізгі кілті, ол өзін
тану қабілеті және олардың вербальсыз мінез-құлқы арқылы
басқа адамды түсіну маңызды болып табылады. Жасөспірімдер
адамның дене қимылынан сол адамның қандай эмоционалдық
сезімде тұрғанын ажыратуда қиналады.

    Бұдан да басқа тәжірибенің жетіспеуі, вербальсыз әдісті
қарым-қатынас өзін түсінуді қиындатады, сондай-ақ басқа
адамдардың вербальсыз хабары, эмоционалды және қимылды экс-
прессиясы жеке тұлға арасындағы іс-әрекетті, өзара түсіністіктің
даму тәжірибесін шектейді. Сонымен қатар, өзіндік «Меніне»
әсерін тігізеді. Вербальды емес қарым-қатынас дегеніміз – дененің
тілі дегенді білдіреді. Адам дене сигналдары және қимылдары
арқылы өзі туралы хабар береді. Адамның өмірге деген көзқарасы
оның өзін-өзі ұстауынан, тұлғасынан және қимыл-қозғалысынан
байқалады.

    Шандор Радоның болжамы бойынша, тілдің түбірі
проприоцептивтік сезімде, ал жалпы тілдің негізі болып дененің
тілі табылатынын айтады. Оның ойынша, қатынастың негізінде
адамдардың бір-бірімен эмоцияларын, сезімдерін бөлісуі өз
кезегінде дененің жағдаятқа және оқиғаларға жауабы екенін
көрсетеді. Эмоцияларда дене көріністерінің бірі – бұл адам
денесінің ішіндегі жест немесе қимылы, жалпы шешім бойынша
ішкі іс-әрекет болып табылады.

    Жас балалар дененің тілін үлкен адамдарға қарағанда өте
жақсы түсінеді, себебі оларды мектеп қабырғасында ұзақ жылдар
бойы сөзге және дене қимылына көп көңіл бөлуге үйретті. Дене

                                    225

⇐ МАЗМҰНЫ
   220   221   222   223   224   225   226   227   228   229   230