Page 224 - index Bapaeva
P. 224

талқылап отырады. Үлкен адамдардың қатарына қосылғанда
жасөспірім социуммен қарым-қатынасқа түседі. Балалық иденти-
фикациядан құтылғысы келген ол үлкендермен өзін қалай ұстау
керектігін білмейді.

    Ол жиі өзін өзге адамдарға ұқсамаймын деп ойлап ұялып, басқа
адамдарға күлкі боламын деп, қарым-қатынас жасағанда олар мені
түсінбейді деп қорқып, осы қорқыныштарын біреуге айтқысы
келеді. Ол жалғыз қаламын деген қорқынышты ойларға батады.
Өзінің идеалдарымен өмір сүргісі келген жасөспірім жиі өзінің
әке-шешесімен конфликтіге түседі. Бұл конфликтінің шешілуіне
жасөспірімнің қарым-қатынасқа түсуі, бұл конфликтідегі рөлін
түсінуі үлкен рөл ойнайды. Өте жиі жасөспірім қарым-қатынасқа
түсе алмайды, өзінің ойларын екінші адамға жеткізе алмайды.
Егер олардың сыртынан бақылап тұрсақ, оларды бір белгісіз күш
көтеріп кеткендей болады, осы кезде олар өздерінің іс-әрекеттерін
түсіндіре алмайды.

    Л. И. Божович егер төменгі мектеп жасында жиі біріктіруші
фактор болып бірге істелетін іс-әрекет болса, ал жасөспірімдерде
керісінше, мүддесі мен айналысатын жұмысы негізінен өз
құрдастарымен қарым-қатынас жасағанда айқындалады.

    Жасөспірімдер үлкендерге жақындамай өз құрдастарымен
бірге болуға тырысады. Мұның психологиялық мағынасы бар.
Бұл өзін-өзі танып білгісі келгендіктен. Ол өзін өз құрдастарымен
салыстырып, бір-бірін түсінгісі келіп, осы үдерісте адамдармен
араласып қарым-қатынас жасап үйренеді. Өз құрдастарының ара-
сында оның өзінің қандай екенін білгісі келеді. Мұндай мінез-
құлықтың терең психологиялық мағынасы бар. Бұл өзін бағалап
және өте жақсы түсініп, өзін кейбір құрдастарымен салыстыру
қажеттілігі. Өзін-өзі танудың қарқынды үдері құрдастарына де-
ген үлкен қызығушылығын оятып, белгілі бір кезеңдегі беделі өте
күшті болады.

    Жасөспірімдер үшін ұнаған адаммен танысып, сол адам ара-
ласатын ортаға оңайлықпен сыйысып кетіп, өзін еркін ұстай алу.
Сонымен қатар, сол ұнаған ортада өзінің индивидуалдылығын
жоғалтпай, өз ойлары мен сезімдерін жеткізу өте маңызды.
Осындай ортада олар қайырымдылықты, ықыластылықты,
жанашырлықты, аяушылықты және өзге адамдарды түсінуді
үйренеді.

                                    224

⇐ МАЗМҰНЫ
   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228   229