Page 28 - index Bapaeva
P. 28

хология» оқу құралында балалар жасын кезеңдерге бөлуді екі
сатыға бөліп қарастырады:

    1. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу та-
рихынан.

    2. Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын
кезеңдерге топтастыру.

    Ғалымның пікірінше, қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар
сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын
бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген.

    Профессор Қ. Б. Жарықбаев «Қазақ психологиясының та-
рихы» атты еңбегінде ежелгі түркі ғұламаларының, қазақ
ақын-жырауларының өлең-толғауларында адам ғұмырының әр
кезеңдеріндегі жас ерекшеліктері туралы ойпайымдауларына тал-
дау жасаған.

    Адамның өмірлік тәжірибесі, бастан кешерлері әр алуан, аса
мол және сан салалы. Тегінде ең парасатты тәжірибе, әрине халық
түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен
сұрыптаған үдерістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ой-
лар екені даусыз. Халықтық тағылымын зерттеудегі қайнар көздер:
психологиялық мазмұнды және сол бағыттағы фольклорлық
нұсқалар, этнографиялық материалдар, байырғы қалыптасқан
халықтық дәстүрлер, ойындар, отбасындағы тәжірибесі.

    Халықтық тағылымның көрініс табуы бабаларымыздың
мақалдары мен мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, халықтың
даналықтарында жатыр. Мақал-мәтелдер – халықтың моральдік
кодексі, тәрбие қағидасы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған
өнегелі өсиеті. Осы орайда психолог-ғалым Қ.Б. Жарықбаев
«Мақал-мәтелдер белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын
анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-
әрекеттерінде маңызды рөл атқарып отырады» деп ой түйеді.
«...Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетінің себебін тікелей бақылау
арқылы өзінше түйіндейді. Сондықтан да олар ғылыми бақылаудан
өзінің кездейсоқтығымен, арнайы ұйымдастырылып, жоспарлан-
бауымен өзгешеленеді» дейді ғалым. Мәселен, халқымыздың
ғасырдан ғасырға үзілмей жеткен, қазірге дейін мәнін жоғалтпаған,
тағлымдық маңызы уақыт өткен сайын өзектілігі артып отыра-
тын, нақыл сөздері мен мақал-мәтелдері іргелі бір психологиялық
қағиданы тұжырымдауға негіз бола алады. Мысалы, “Бесік ба-

                                     28

⇐ МАЗМҰНЫ
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33