Page 244 - index Bapaeva
P. 244

жасөспірімдердің өзге адамдарға ұқсамай қаламын ба деген
үрейлер туғызады. Өздерінің сыртқы ерекшеліктері (шыны да,
жадынан шығарғандары да) жастарға өте ауыр тиеді. Мұндай
жағдайларда олар өз бағаларын төмендетіп өздерінен мүлдем
бас тартуға дейін барады. Ал бұл олардың мінездерінде орынсыз
ренжіп қала беруді тудырады. Сырт пішінінің кемістіктері жас-
тармен жиі әсірелене қабылданады, сол себептен жастар өте жиі
депрессиялық қалыпта жүреді. Бұл үдеріс ұл балаларға қарағанда,
қыз балаларда күштірек дамыған.

    Жасөспірімнің «Мен концепциясының» позитивті қа-
лыптасуына қоршаған ортаның пікірімен қоса, өзінің денесін өзі
дұрыс қабылдауы да өз ықпалын тигізеді. Жастардың өздерінің
сырт пішініне ерекше назар аударуы – бұл психосексуалдық өсіп
дамуының тек бір ғана тармағы. Жастардың идентификация,
жыныстық ерте және кеш жетілуі деген жағдайлар жасөспірімнің
эмоциясына әсерін тигізіп отырады.

    Жасөспірімнің сыртқы денесінің өзгеруі, оның психология-
сының өзгеруі, өзін физикалық «Мен» тұрғыдан қабылдауына
көмектеседі. Ал жасөспірімнің интелектуалдық өсіп жетілуі «Мен
– концепциясын» қабылдауда бірқатар қиындықтар туғызады.
Себебі қоршаған ортаның, ата-анасының, мұғалімдердің,
достарының жасөспірімге қойған талаптары әртүрлі, бір-біріне
қайшы болуы мүмкін. Осы келтірілген мысалдарға сүйене оты-
рып, біз жасөспірімдердің осы жастағы мәселелері оның сана-
сезімінің өз-өзін қабылдап немесе қабылдамағанында жатыр деп
айта аламыз. Өзінің денесін қабылдамау оның бұлшық еттерінің
қысылуына, икемсіз болуына, өзін еркін ұстай алмай қымсына
беруіне себепкер болады. Жасөспірімнің өз денесіне деген
көзқарасы оның әлеуметтік өсіп-дамуы кезеңдерінің барлық этап-
тарында өз әсерін тигізіп отырады.

    Жастардың ерекше көзге түсетін психологиялық ерекшеліктері
«жасөспірімдердің басында кездесетін жағдайлар» деген ат-
пен белгілі. Бұл жағдайдың белгілері: олардың мінезінің орын-
сыз қуаныштан бірден күйінуге ауысып кетуі, өздерінің бас
бостандығын көрсетіп беделді адамдармен келіспеушілікке
шығуы, қабылданған ережелерге қарсы шығуы. Жасөспірімдер
мінезінде сезімталдық пен қатыгездік, ұялшақтық пен дөрекілік,
қиялшылдық пен ұстамдылық, ақылдылық қатар сыйысып жата-

ды.

           244

⇐ МАЗМҰНЫ
   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249