Page 245 - index Bapaeva
P. 245

2. Жеке тұлғаның мінез-құлқы және дене бітімі типтерінің
байланысы

    Ересек кезде балалар дене тұлғасының әртүрлі типінің бар
екенін түсіне бастайды және оларда өз денесінің типі, пропорция-
лары туралы дәл болжамдары қалыптасады.

    Кез келген форманың өзіндік мазмұны бар. Дененің форма-
сы адам жанының және ішкі рухани әлемінің айнасы, адамның
психикалық функциясының мәні. Психология тарихында үлкен
бағыт қалыптасқан, яғни ол жеке тұлғаның мінез ерекшеліктері
мен дене құрылысының арасындағы байланысты үйретеді.

    Эрнест Кречмер, мынадай концепцияны ұсынды: тәндік
типтердің ұйымдасуы – астеникалық, атлеттік және
пикниктік. Күнделікті тұрмыс тіршілігінде біздер осы
қарапайым биологиялық бейімділікті куәландыратын үш типті
көп кездестіреміз. Э. Кречмердің тұжырымы бойынша, дене
құрылысының басты осы үш типі, мінез акцентуациясының үш
типі сәйкес келетінін көрсетеді. Астеникалық типке – шизотимдік,
пикниктік типке – циклотимдік, атлетиктік типке – иксотимдік
мінез акцентуациялары сәйкес келеді.

    Э. Кречмер типологиясына сүйене отырып, адамның дене
бітімі оның психологиялық мінездемесімен байланысты екенін
байқауға болады.

    Астеникалық тип
    Астеник тұйық, аутикалық, эмоциялық жағынан ұстамды,
қимыл-әрекеттері икемсіз, сенімсіз, мақсатқұмар емес жандар.
Бұл Э. Кречмер бойынша:
    – нәзік, сезімтал аристократтар;
    – әлемнен жат идеалистер;
    – суық, өктем мінезді эгоистер;
    – пайдакүнем адамдар.
    Пикниктік тип
    Бұларға тән қасиеттер: орта бойлы, тығыз денелі, жұмсақ
кең жүзді, қысқа, кесек мойынды, көкірек клеткасының астыңғы
жағынан шығыңқы, салмақты қарны орналасқан. Пикниктердің
қимыл-қозғалысы икемді және жақсы координациямен
айрықшаланады. Пикник – астениктерге толық қарама-қайшы.

                                    245

⇐ МАЗМҰНЫ
   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250