Page 247 - index Bapaeva
P. 247

және церебротония (жоғары нерв орталықтарын басқарады).
Темперамент пен дене бітімінің арасындағы корреляцияны, яғни
эндоморфтық типке – висцеротонияның, мезоморфтық типке –
соматотония және экзоморфтыққа – церебротонияның сәйкес
келетінін көрсетті.

                                                                         14-кесте
                 В. Шелдон бойынша дене бітімінің үш типі

 Эндоморфтық        Мезоморфтық             Эктоморфтық тип
         тип                тип
                                     Реакция жылдамдығы
Босаң.             Батыл, қайратты.  жоғары, шапшаң.
Тәбетпен           Қимыл-            Социофобия. Әлеуметтік
тамақтанудан       қозғалысы көп.    қатынастарды орнатуда
қанағаттану.       Дауысы зор.       қиындыққа тап болады. Жаңа
Мақтауды аңсау     Қиын жағдаятта    әдеттерді баяу меңгереді.
және ұнату. Терең  тікелей оңтайлы   Дауысы жай. Ұйқысы
ұйқы.              әрекетке көшеді.  қанбайды. Бозбалаға тән
Қиын жағдайда                        қызуқандылық мәнері тән
адамдардың                           және сыртқы келбеті үнемі
көмегін                              шаршаңқы. Қиын сәттерде
қажетсіну.                           жалғыз қалуға тырысады.

    Ғылыми әлемнің сын пікірлеріне қарамастан, Э. Креч-
мер мен В. Шелдонның тәлімінің практикалық бөлігі адамның
тәндік феноменологиясын ғылыми тұрғыдан тану үшін құнды
эмпирикалық негіз болып табылады. Адамның дене бітімі, со-
нымен қоса көлемі емес, дене пропорциясы мен аяқ-қолы және
морфологиялық мінездемесі еш күмәнсіз, адамның не бұрынғы,
не қазіргі әлеуметтік нормаларының айғағы. Рухани қобалжулары
және сыртқы әлемді қабылдау типтері оның есею мүмкіншілігі.

    Жасөспірімдердің бойының тез өсу тенденциясы бар,
сондықтан да, олардың формасы белгілі бір қалыпқа жетпегенше,
олар кейде «қадаға» ұқсас болады. Кеудесінен аяқ-қолдары тез
өседі, сол себептен, жасөспірім ұзынтұра, икемсіз және белінің
өте биік болуы мүмкін. Бет әлпеті шығыңқы болып көрінеді де,
ол мұрын және иек асты сияқты арнайы бөліктері айқын шығып
тұруы ықтимал.

    Алайда, жасөспірімнің кеуде бөлігі жайлап ұзара бастайды

                                    247

⇐ МАЗМҰНЫ
   242   243   244   245   246   247   248   249   250   251   252