Page 249 - index Bapaeva
P. 249

емес» немесе «аз достары бар» деп бөлінетін жасөспірімдердің
басым бөлігі анық эктоморфты немесе эндоморфты тип өкілдері.
Бұл нәтижелер дене құрылысы мезоморфты емес бозбалалардың,
өздерінің тұлғасына көңілі толмай және оны өзгерткісі келетіні
факт екенін дәлелдейді.

    Жасөспірім қыздар, шамамен 6-7 сыныпта, мысалы,
көкірегінің өсуі сияқты организміндегі кейбір даму өзгерістерін
сезе бастайды.

    Есейе келе олар өздерінің сыртқы келбетінің басқа да
элементтері: көзі, тісі, мұрыны, құйрығы мен бөксе жақтарына
айрықша мән бере бастайды.

    Сыртқы келбеті сұлу ер адамдардың ұзын бойлы, қою шаш-
ты, кең иықты және аяқ-қолының пропорционалды болуы да
дене құрылысының сұлулығын көрсетеді. Кейбір жасөспірімдер
дамудың алғашқы кезеңдерінде арық, икемсіз, әлсіз және
құрылысы пропорционалды емес болып көрінеді.

    Бойлары әлі де болса аласа, кеш жетілетін жасөспірімдердің
сыртқы кейпі кішкене балаға ұқсас келеді. Ал басқалары артық
салмақ қосып, олардың көкірегі ұлғаяды. Нормаға сәйкес
келмейтін ұл балалардың сыртқы тұлғаларына мынандай лақап ат
қойып: «скелет», «каланча», «семіз» деп келеке етеді.

    Дене тұлғасы әлсіз жасөспірімдер өздерінің фигурасын
жақсарту үшін ұзақ уақыт жаттығулар жасайды. Диетаның
көмегімен арықтай алмайтын толық жасөспірімдер, қыздармен
қарапайым қарым-қатынас жасай алмай өзімен-өзі болып
тұйықталып қалуы мүмкін және эмоционалды адаптацияның
жаман симптомдары едәуір байқалады. Дене бітімі атлетикалық
тұлғаның маңызы зор, егер жасөспірім тұлғасы осы формаға сай
болмаса, ол әлеуметтен оқшауланып шектен тыс ұялшақ болады.

    Организмдегі эмоция мен сезімнің өзгеріп отыруы: жүректің
соғуы, қан тамырларының жиі соғуы, жиі дем алу, мимика мен
пантомимикалар осы қыртыс астындағы басқару орталығына
байланысты. Қуаныш, қайғы, ашу сияқты әртүрлі эмоционалдық
сезім кезінде адамның ішкі құрылысымен қатар, оның сырт
пішінінде өзгерістер болады. Бет әлпеті, көзі өзгеріп, тек өзіне тән
қол сермеулері мен дене қимылы, дауыс ырғағанда спецификалық
өзгерістер пайда болады.

           249

⇐ МАЗМҰНЫ
   244   245   246   247   248   249   250   251   252   253   254