Page 29 - index Bapaeva
P. 29

ласы бес түлейді” деген мақал балалар психологиясы бойынша
бір жастағы баланың жас дамуы кезеңіндегі теориямен астар-
лас келеді. Онда бір жас шамасын – туғаннан 3-4 айға дейін; 3-4
айдан 5-6 айға дейін; 5-6 айдан 8-9 айға дейін; 8-9 айдан 10-12
айға бөліп қарастырады. Демек, бабаларымыз нәрестелік кезеңнің
өзгерістерін аса байқампаздықпен зерделеп отырған.

    Әр жастың, әр мүшелдің өзіне лайық ерекшелігі болады.
Өмірге енді келген нәрестенің қылығы бір басқа, бөбек мінезі одан
әлдеқайда өзгеше, балабақша бүлдіршінінің санасы әлгі екеуінен
де жоғары сатыға көтеріледі. Мектеп табалдырығын аттаған бала
білуге құштар. Бір жастан екіншіге көшудің ерекшелігін ескеріп-
елемесе оқу-тәрбие нәтижелі болмайды. Баланың өзі өссе, ойы
да биіктейді, білік көкжиегі де кеңиді. Жеті жасар шәкіртке
лайықты ертекті тоғыз жастағы не он жастағы балаға тыңдатудың,
оқытудың пайдасы аз.

    «Жастың ашатын жаңалығы көп, қарттың зерттейтін даналығы
көп», «Қарттықтың жауы – жалғыздық» және т.б. мақалдың аста-
рында да психологиялық үлкен мән жатыр. Жалғыздық сезімі
адамның жан дүниесін күйзелтеді. Кемеліне келген шағында
өмірлік қосағынан айырылуы немесе өзі қатарлас қариялардың
сиреуі, бала-шағасының жұмысбастылықпен өзіне жүйелі көңіл
бөлмеуі, денсаулығының нашарлауы, бұрынғыдай ортамен емін-
еркін араласа алмауы да жалғыздық дертіне ұшыратады. Осындай
жайттар тұлғаның әлеуметтік құрылымын бұзады. Адамдармен
толыққанды қарым-қатынаста болу, соны сақтап қалу, жалғыздық
сезіміне мойынсұнбау – қартаюды дұрыс қабылдау дегенді
білдіреді.

    Мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, инсти-
тут, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата-бабалары-
мыз жасөспірімге ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға
толқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне
шоғырландырған.

    Халқымыздың ғасырлардан қалыптасқан дана ойы ғылыми
психологияның теориясына тіпті де қайшы емес, соған орай-
лас, өзектес, сабақтас сияқты. Халық психологиясындағы
уақыт сынына жарамаған, жас буын тәрбиесіне себі тимеген не
жаңсақтыққа ұрындырған қағидалардан ұдайы құтылып, үздіксіз
арылып, озық ойлы ілгерішіл, сыналған ережелерді, түйіндерді

                                     29

⇐ МАЗМҰНЫ
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34