Page 30 - index Bapaeva
P. 30

ұстанған, басшылыққа алған. «Көре-көре, көсем боларсың» деп,
алдыңғылардан, ағалардан, өмір тәжірибесі бай, түйгені мол,
қосар кеңесі көп жандардан үлгі алсаң, үйреніп көрсең, сен де аза-
мат болып өсесің дейді халық. Халық өнегемен тәрбиелеу тенден-
циясына еңбекпен тәрбиелеу тенденциясын әкеп ұштастырады.

    Адам психологиясын жетік, ойлы, сырлы әндерімен, сазгерлік
қабілетімен бүкіл қазақ даласына танылған өнер иесі Ақан серінің
«Қыз сипаты» өлеңінде жасөспірім шақтағы бойжеткен қыздардың
жеті түріне өзіндік психологиялық мінездеме береді. Мысалы,

    Бірінші, бір қыз келер ақша маңдай,
    Жамағат, үлкен кіші мақтағандай.
    Анадан туғаннан-ақ болып дана,
    Әлінше, жақсыларды жақтағандай, –
десе,
    Төртінші, бір қыз келер қара торы,
    Бұлғақтар шекесіне таққан шоғы.
    Өз ісін өзі білмей, жұртқа күлер,
    Білініп жүрсе дағы нәзік жолы, –
деп сипаттауында екі бойжеткеннің біріншісін ақылы көркіне
сай, ата-ана тәрбиесінің өнегесін бойына жиған парасатты етіп
сипаттаса, төртінші қызды «жеңіл жүрісі» бар, ар-намысты аяққа
басқан, теріс қылығымен танылғандығын тілге тиек етеді.
    «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», – деген Абай
ғибратында ақын кейде адамның сырт бейнесі, болмыс бітімі
алдамшы болуы да мүмкін, сондықтан адам өз ісімен, сөйлеген
сөзімен, адамдармен жасаған қарым-қатынасымен өзінің кім
екендігінен хабар береді деген ойды жеткізеді.
    Біздің дана халқымыз «Ерді кебенек ішінен таны» деп
үйретеді. Бұған дәлел «Аяз би» ертегісінде еріккен хан «...
дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын, шөптің жама-
нын тауып әкеліңдер» дегенде уәзірлері қойдың соңында жаяу
жүрген, киімі алба-жұлба бір адамды аттың артына отырғызып
алып келетіні бар. Уақыт өте келе өзінің әлгі жаманның жаман
болмай, дана болғаны да белгілі. Сондықтан жоғарыда айтылған
халық даналығының мәні ер-азаматтың ақыл-парасаты кемелден-
ген сайын қазыналы даналыққа жеткізетінін меңзейді.
    Қазақ халқында бала тәрбиесі ерекше орында болғаны белгілі.
Соған орай айтылған «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»

                                     30

⇐ МАЗМҰНЫ
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35