Page 31 - index Bapaeva
P. 31

деген тәмсілді айтуы тегін емес. Баланың тұлға ретінде қалыптасуы
отбасында ата-анасымен, бауырларының ортасындағы қарым-
қатынастың үйлесімді қалыптасуына байланысты. Сондықтан
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жо-
нар, шеше көрген тон пішер» және т.б. осы мазмұндағы ұлағаты
мол, тәрбиелік мәні зор нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің
айтылуы негізсіз емес. Әсіресе, отбасындағы әке тұлғасының
орны, әкенің ер баланың дамып, қалыптасуындағы ықпалы, әкеге
деген құрмет, ер баланың әкесін үлгі тұтып, оған еліктеп өсуіне
отбасындағы ақыл-парасатты аналарымыздың өнегесі мен үлесі
екенін зерделейміз. “Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он
бестен кейін қосшыңдай қара, он бестен асқан соң досыңа бала”
деген біздің бабаларымыз. Бала мінезінде байып жоқ, әркезде
әрқилы құбылады. Әрбір қылықтың өз сыры, өз себебі бар. «Туа
тентек болмайды» – міне, бұл тәрбие мәселесіне, баланы баулу
проблемасына диалектикалық көзқарас. Шалдуарлықтың себебін
пайымдауда да қатып қалған ешбір қалып жоқ. Әр жағдайға сай
ақылды шешім табу, қорытынды шығару, төрелігін айту әрбір ата-
ананың өз қолында. Осындай халықтық психологиялық тағлымдар
ғылыми-психологиялық теориялармен теңдесе алады.

    Кішкентай бала, жасөспірім өз алдына үлкен мақсат қоя білсе
ғана, биікке ұмтылады, ұмтылыс үстінде өседі. Мәселе жалғыз та-
лапкерге байланысты ғана емес, талапты қолдай білу қажет. Алға
ұмтылған ұланның аяғына оралғы болмау да, шаужайынан тарт-
пау да – білгендік. Осы орайда халық даналығы «Болайын деген
баланың бетін қақпа, белін бу» деп қысқа да нұсқа әрі тұжырымды
ой түйіндеген.

    2.2. Психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы жал-
пы сипаттама

    Баланың онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын
қарастырудағы теориялық тұрғылардың негізгі екі белгісін
атап өтуге болады. Бірінші белгі жануарлармен салыстырғанда
адамның онтогенезде дамуының заңдылықтарын анықтайтын
ерекшеліктерінің жоққа шығарылуын немесе мойындалуын бол-
жайды. Егер адамның онтогенезде дамуындағы заңдылықтарын

                                     31

⇐ МАЗМҰНЫ
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36