Page 32 - index Bapaeva
P. 32

анықтайтын ерекшеліктері жоққа шығарылса, дамудың
табиғилығын (биологиялануын), яғни дамудың адам әрі жа-
нуарлар үшіне тең дәрежеде әділ әмбебап заңдылықтарының
мойындалғандығын сөз етуге болады. Мәдени-тарихи
тұғырда адамның психикалық дамуының ерекшеліктерін
әлеуметтік-мәдени тәжірибені (адамның органикалық тұқым
қуалауымен қатар тектік тұқым қуалауының ерекше түрі ретінде
қарастырылады) меңгеруімен байланыстырады.

    Екінші белгі дамып отыратын субъекті белсенділігінің мойын-
далуын болжайды. Адамның дамудағы белсенділігінің мәнін жоққа
шығаратын немесе есепке алмайтын теориялар факторлы тұрғы
деген атауға ие болған. Даму екі фактордың – тұқымқуалаушылық
пен орта ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады.

    Факторлықтұрғыпсихологияданативизмнің және эмпиризмнің
ұстанымдарын анықтайтын екі философиялық мектептің қарама-
қарсылығына негізделген. Бұл Р. Декарттың дуализмі және
Дж. Локк пен Д. Гартлидің эмпиризмі. Нативизм ұстанымы бой-
ынша адамның тұтастай дамуы оның тұқымқуалаушылығымен
анықталады. Бұл тұрғыны өзінің тума идеалар туралы теориясын
ұсынған Р. Декартпен философиялық негізделген. Психология та-
рихында нативизм преформизм, рекапитуляция және жетілу тео-
рияларымен ұсынылған.

    Эмпиризм екі ғылыми мектеп – ассоцианизммен және бихеви-
ризммен анықталады.

    Нативизм мен эмпиризм бір факторлы теориялар. Екі фак-
торлы теориялар екі факторды – тұқымқуалаушылық пен ортаны
қарастырады. Оларға екі фактор конвергенциясының (В. Штерн)
теориясы және факторлардың қатынасын конфронтация және ан-
тогонизм (З. Фрейд, Ж. Пиаженің ерте балалық шақ жайлы тео-
риясы) ретінде анықтайтын теориялар жатады. Конвергенция
– тұқымқуалаушылық пен ортаның өзара бірін-бірі толықтыруы
мен өзара әрекеттесуін болжайтын ортақтастық. Факторлардың
конфронтациясы тұқым қуалаушылықтың ортаның әлеуметтік
факторымен ығыстырылуы ретінде қарастырылады.

           32

⇐ МАЗМҰНЫ
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37