Page 33 - index Bapaeva
P. 33

2-сызба. Факторлы тұрғы

                              Жетекші фактор –             Теориялар :
                           тұқым қуалаушылық             преформизм
                                                        рекапитуляция
                                    Нативизм
                               Р.Декарт , И.Кант               жетілу

                          Жетекші фактор – орта            Теориялар :
                                    Эмпиризм             ассоцианизм
                                                          бихевиризм
                               Д.Локк , Д.Гартли
                                                    Факторлардың ара
Онтогенездегі психикалық                              қатынасы : өзара
  дамудың себепшілерін                                    әрекеттестік
     түсінудің факторлы                                    В . Штерннің
              тұрғысы                                 конвергенциялар
                                                            теориясы
                              Екі факторлы
                           теориялар , тұқым       Факторлардың өзара
                          қуалаушылық және           қатынасы : қарама -

                                      орта        қарсылық , антагонизм
                                                           З. Фрейдтің

                                                          классикалық
                                                         психоанализі
                                                     Ж.Пиаженің ойлау
                                                   дамуының теориясы
                                                    (ерте балалық шақ)

2.3. Нативизм теориясы

    П р е ф о р м и з м – индивидтің жетілген формадағы барлық
қасиеттері мен сипаттамалары бала біту мезетінен бастап беріліп,
алдын ала анықталып, ұрық жасушаларының өзінде болатын
психикалық даму тұжырымдамасы. Преформизм – баланың
психикалық дамуының қозғаушы күштері тұрғысындағы
нативизмнің бір түрі. Преформизм тұлғаның және оның мінез-
құлқының дамуында тұқымқуалаушылықтың шешуші рөлін ерек-
ше көрсетеді. Преформизмнің ХVІІІ ғасырдағы ерте теорияла-
рында «гомункулус», яғни бала бойға біту мезетінде туындайтын
кішкентай адам ұғымы қолданылған. Гомункулус, сірә адамның
қасиеттері мен қабілеттерінің тұқымқуалаушылықпен алдын ала
анықталатынын білдіретін теңеу болуы мүмкін.

    Кейінірек преформизмнің жақтастары генетикалық
тұқымқуалаушылықты индивидтің негізгі қасиеттері мен
сипаттамаларының ерекше формасы ретінде қарастыра бас-
тайды. Даму болса сол преформаланған қасиеттердің кеңінен
жайылуының генетикалық бағдарламаланған үдерісі ретінде

                          33

⇐ МАЗМҰНЫ
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38