Page 34 - index Bapaeva
P. 34

түсіндірілді. Бүгінде преформизм постнаталды дамудан гөрі, пре-

наталды дамудың заңдылықтарын түсіндіруге лайықты. Префор-
мизмге әрбір жаңа форма дамуында ағзаның алдыңғы формасы
мен оның ортасының арасындағы өзара әрекеттестіктің нәтижесі
ретінде туындайтын эпигенезис ұстанымына қайшы. Префор-
мизмге қатысты сын биологиялық дамуға, яғни жануарлар мен
адамның онтогенезінде психикалық дамудың заңыдылықтарын
теңдестіретініне; ортаның дамудағы рөлін (соның ішінде
генетикалық бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін) есепке
алмайтынына; дамудағы баланың белсенді іс-әрекетінің және
оқытудың рөлін ескермейтініне қарсы бағытталады.

    Р е к а п и т у л я ц и я (латын тілінен аударғанда rekapitulato)
теориясы – онтогенездегі жеке дара даму түрлері мен адам тегі
тарихының жылдам қайталануын білдіреді. Басқаша айтқанда, он-
тогенез – филогенез бен социогенездің қысқа мерзімде әрі тығыз
қайталануы (Г. С. Холл). Индивидтің психикалық дамуындағы ре-
капитуляция теориясы Ч. Дарвиннің түрлердің эволюциясы мен
органикалық әлемнің бірлігі жайлы идеясына және Э. Геккелдің
1866 жылы ашылған биогенетикалық заңына негізделеді.
Биогенетикалық заң эмбриондық дамудың заңдылықтарын: «Он-
тогенез – филогенез қысқа мерзімде әрі тығыз қайталануы» атты
формуламен анықтайды.

    Алайда кейінірек биогенетикалық заң биологияда сынға
ұшырап, филогенез бен онтегенездің арасында қарапайым
қайталауға қарағанда едәуір күрделірек қатынастар анықталады.
Онтогенездің филогенез үдерісіндегі ұзақтығының жаңа
кезеңдердің қосылуымен ұзартылып қана қоймай, сонымен бірге
онтегенез құрылымының өзгеруінен артатыны көрсетіледі. Онто-
генез жеке дара өмірлік цикл ретінде өзінің даму тарихы бар.

    Психологияда биогенетикалық заң адамның жеке дара
психикалық дамуын түсіндіру үшін сынсыз қолданылды. Река-
питуляция теориясының жақтастары баланың мінез-құлқының,
танымдық және эмоциялық тұлғалық сферасының дамуын
алыс жануарлар мен адамдардың ата-тегінің психикалық да-
муы кезеңдерінің қысқа мерзімді және жылдам жаңғыртылуы
ретінде қарастыруға тырысты. К. Бюлердің дамудың үш сатылы
теориясына сәйкес бала мінез-құлқының дамуы, жануарлардың
филогенездегі мінез-қылықтарының дамуы іспеттес – инстинкт,
жаттықтыру, интеллект сияқты сол үш кезеңнен өтеді.

                                     34

⇐ МАЗМҰНЫ
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39