Page 308 - index Bapaeva
P. 308

3. Ортамен өзара әрекеттестігінің студенттердің
тұлғасының қалыптасуындағы рөлі

    Адамдардың өз ортасымен өзара әрекеттестігі тұлғаның
қалыптасуында азды-көпті рөл атқарады.

    Өзара әрекеттестік – бұл объектілердің (субъектілердің)
өзара байланысы мен міндеттілігін тудыратын бір-біріне жанама
немесе тікелей ықпалы.

    Өзара әрекетестікте адамның басқа адамға өзінің дербес әлемі
бар субъектісі ретіндегі қатынасы жүзеге асырылады. Адамның
адаммен қоғамдағы өзара әрекеттестігі – бұл олардың ішкі
әлемдерінің өзара әрекеттестігі, яғни олардың ойларымен, идея-
ларымен, бейнелермен алмасуы, мақсаттары мен қажеттіліктеріне
ықпалы, өзге индивидтің бағалауына, оның эмоциялы жағдайына
ықпалы.

    Әлеуметтік психологияда өзара әрекеттестік адамдардың бір-
біріне ықпалы ғана емес, сонымен қатар топ мүшелеріне ортақ іс-
әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін біріккен әрекеттерінің
тікелей ұйымдастырылуы ретінде түсіндіріледі. Бұл жағдайда
өзара әрекеттестіктің өзі басқа адамдардың тарапынан сәйкес
реакцияны тудыруды мақсат еткен әрекеттердің тұрақты түрде,
жүйелі жүзеге асырылуы ретінде анықталады. Жеке-дара іс-
әрекетке қарағанда, біріккен өмір мен іс-әрекеттің индивидтердің
енжарлығы – белсенділігінің кез келген көріністерін қатаң түрде
шектейді. Бұл адамдардың «Мен-Ол», «Мен-Олар» бейнелерін
құрып, үйлестіруге, қабілет-қарымдарын өзара реттеуге
міндеттейді. Шынайы өзара әрекеттестік барысында адамның
өзі, өзге адамдар, топтар туралы бара-бар түсінігі қалыптасады.
Адамдардың өзара әрекеттестігі олардың қоғамда өзін-өзі
бағалауы мен мінез-құлықтарын реттеудің жетекші факторы
ретінде анықталады.

    Кез келген біріккен іс-әрекетті жүзеге асырудың шешуші шар-
ты және басты ерекшелендіретін бітісі жеке дара іс-әрекеттердің
қоғамдық іс-әрекетке бірігуі, яғни кооперация болып табыла-
ды. Кооперация үдерістері – іс-әрекет дамуының қалған басқа
үдерістерінің негізі, оны жүзеге асырудың жетекші механизмі бо-
лып табылады. Кооперация біріккен іс-әрекетті жүзеге асырудың

                                    308

⇐ МАЗМҰНЫ
   303   304   305   306   307   308   309   310   311   312   313