Page 309 - index Bapaeva
P. 309

механизмі бола тұра, оның жиынтықталған субъектісі ретінде
топ өнімділігінің және рекет етуінің орталық факторы ретінде
де анықталады. «Тұлғааралық өзара қатынастар жүйесін түсіну
жолы, - дейді А. В. Петровский, – топтың мағыналы іс-әрекетін
талдау арқылы жасалады. Тұлғааралық өзара қатынастарға
топтық өзара әрекеттестік арқылы жетуде сол өзара қатынастарды
түсіну үшін, топқа ортақ іс-әрекетті және кез келген жағдайдағы
тұлғааралық өзара әрекеттестікті де болжалды ету қажет...».

    Біріккен іс-әрекет мақсаттарының мазмұнды сипаттамалары-
мен міндеттелген индивидтердің кооперативті өзара әрекеттестігі
құрылымының топтағы өзара әрекеттесу үдерістеріне
біршама ықпал етуі мүмкін екендігін болжау заңды. Адамның
қызметтестеріне және өзіне танитын белгілерінің мазмұнына
ықпалы қалай айқындалады? Біріккен іс-әрекет дамуының
әртүрлі кезеңдеріндегі рөлі қандай? Осы сұрақтарға жауап беру
әрекеті ретінде профессор Г. М. Андрееваның басшылығымен
әлеуметтік қабылдауды талдау тұрғысында орындалған
эмпирикалық зерттеуін қарастыруға болады. Болжам ретінде
келесі жорамалдар айқындалды:

    1. Бірлескен еңбек іс-әрекеті дамуының бастапқы кезеңінде
адамның қызметтестерін, өзін қабылдау барысында белгілейтін
сапалы белгілердің иерархиялық құрылымын қабылдау
субъектісі енген іс-әрекеттің сипатына байланысты болмайды.
Сонымен қатар топ дамуының алғашқы деңгейінде тұлғааралық
қабылдау аумағында әртүрлі объектілерді қабылдаудың бағалау
өлшемдерінің ұқсастығы

    2. Бірлескен іс-әрекеттің дамуымен қатар қабылдаудың
бағалау өлшемдері ажыратыла бастайды. Қабылдау объектісіне
белгіленетін сапалы белгілердің құрылымы көбінде объектінің
ерекшеліктеріне және бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру
түрлеріне де байланысты болады. Атап айтқанда біздің бол-
жамымыз бойынша іс-әрекеттің дамуымен қатар қабылданған
тұлғалардың іскер сипаттамалары көбінде оларды қабылдау
өлшемдері ретінде қолданылатын болады.

    3. Топ дамуының алғашқы кезеңінде тұлғааралық
қабылдаудың сапалы өлшемдерінің құрылымында олардың
бірінің басымдылығы байқалатын болады. Басқаша айтқанда,
қабылдау объектісіне таңылған сапалы қасиеттердің арасында

                                    309

⇐ МАЗМҰНЫ
   304   305   306   307   308   309   310   311   312   313   314