Page 307 - index Bapaeva
P. 307

қарым-қатынастың үлкен мүмкіндігіне ұласатыны маңызды
ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Сондықтан қарым-
қатынастың біршама жоғары қарқындылығы – бұл студенттер
тобының ерекше бітісі болып табылады.

    Студенттердің өмірдің мәнін іздеуі, жаңа идеяларға және
қоғамдағы алдыңғы қатарлы өзгерістерге ұмтылысы олардың
әлеуметтің маңызды бітісі болып табылады. Ол ұмтылыстар
жағымды фактор болып табылады. Алайда өмірлік (әлеуметтік)
тәжірибенің жетіспеушілігінен, өмірдің бірқатар құбылыстарын
үстіртін бағалаудың әсерінен кейбір студенттер кемшіліктердің
әділ сынынан ойсыз сыншылдыққа көшуі мүмкін.

    Психолог Ю. А. Самарин студенттің жас шамасына тән
төмендегідей қарама-қайшылықтарды белгілеген болатын:

    1. Әлеуметтік-психологиялық. Үдемелі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін үнемдеу мүмкіндіктерінің, уақыттың қатаң
шектеулілігі мен студенттің интеллектілі және дене қуатының
артуының арасындағы қарама-қайшылық.

    2. Білімдерді іріктеуде дербестілікке ие болу ұмтылысы
мен нақты профильдегі маманды даярлаудың қатаң түрлері
мен әдістерінің арасындағы қарама-қайшылық. Дидактикалық
сипаттағы аталмыш қарама-қайшылық студенттер мен
оқытушылардың оқу үдерісінің нәтижелеріне көңілдерінің толма-
уына әкелуі мүмкін.

    3. Әрқилы каналдардан келіп жететін ақпараттың зор
ауқымы студенттердің білімін кеңейтіп, сонымен қатар сол
ақпараттың ауқымдылығы жеткілікті уақыттың тапшылығында
және оның ойша өңдеу тілегінің болмауында білім мен ойлаудың
үстіртінділігіне ұласып, оқытушылардың білімдерді, сондай-
ақ тұтастай студенттердің іскерліктері мен қызығушылықтарын
тереңдету жөнінде арнайы жұмыс жасауын талап етеді.

    Әр адамның өміріндегі студенттік шақ көп жағдайда оның
жастық шағына сәйкес келеді. Жастық шақ бұл – адамның
өміріндегі ең белсенді кезең болып табылады: оқу, жұмыс, от-
басын құру жастардан олардың барлық ақыл-ой, дене және
психологиялық мүмкіндіктерінің шоғырлануын талап етеді. Бұл
кезеңде тұлғаның мінезі толық дамиды.

           307

⇐ МАЗМҰНЫ
   302   303   304   305   306   307   308   309   310   311   312