Page 305 - index Bapaeva
P. 305

пынан студенттер тобына деген қызығушылықтың туындауына

себепкер болуда.

     Адамның топтағы мінез-құлқының көптеген аспектілерін

антикалық дәуірдің философтары да қарастырған. Ол зерттеулер

әлеуметтік топты болашақта зерттеудің берік негізі іспеттес бол-

ды.

     Үлкен        статистикалық материалдың және дербес

психологиялық эксперименттерінің негізінде антикалық фило-

софтар әлеуметтік топтағы (өндірістік ұжым, отбасы және т.б.)

адамның мінез-құлқын зерттеп, өндірістегі әлеуметтік топтар-

ды басқарудың әрқилы түрлері мен әдістерін анықтау және

ғылыми негіздеу әрекеттерін жасаған. Олар топ мүшелерінің

өзара әрекеттестігінің тиімділігін артырудың себептері мен

тәсілдерін, топтық өзара әрекеттестікті қалыптастыру кезеңдерін

қарастырып, топтық үдерістерді зерттеудің әртүрлі әдістерін

байқап көрген. Алайда, олардың зерттеулерінде «студенттік топ»

ретіндегі ондай феноменнің әлеуметтік-психологиялық негізі

және құрылысы жеткілікті дамуын таппады.

     Ал біз «студенттік топты» әлеуметтік психологияда шағын

топтарға жатқызылған топ ретінде қарастырамыз.

     Жалпы алғанда, студент тұлғасының жоғары білімі бар

болашақ маман ретінде дамуы бірқатар бағытта жүзеге асырыла-

ды:

     • жоғары сенім, кәсіби бағыттылық нығаяды, қажет

қабілеттер дамиды;

     • психикалық үдерістер, күйлер, тәжірибе жетілдіріліп,

«кәсібиленеді»;

     • борыш сезімі, кәсіби іс-әрекеттің жетістігіне жауапкершілік

артып, студенттің даралығы айқындала бастайды;

     • студент тұлғасының болашақ мамандық саласындағы та-

лаптанулары артады;

     • әлеуметтік және кәсіби тәжірибені қарқынды беру және қажет

қасиеттерді қалыптастырудың негізінде студент тұлғасының

жалпы ересектігі және тұрақтылығы артады;

     • студентке болашақ маман ретінде қажет болатын

қасиеттердің, тәжірибенің қалыптасуында оның өзін-өзі

тәрбиелеуінің меншікті салмағы артады;

                     305

⇐ МАЗМҰНЫ
   300   301   302   303   304   305   306   307   308   309   310