Page 311 - index Bapaeva
P. 311

дар бір-бірін бақылау алады. Аффективті компонент тұлғаның
жай-күйіне байланысты дүниелердің барлығын қамтиды, ал
гностикалық компонент ақпаратты қабылдаушы және өңдеуші
тұлғаның белсенділігімен сипатталады.

    Тұғааралық өзара әрекеттестік ойлар мен сезімдер өзара ал-
масып, сол ойлар мен сезімдердің, білімдердің, іскерліктердің,
қызығушылықтардың құнды бағдарлардың ортақ қоры
құрылғанда ғана қарым-қатынасқа ұласады.

    Тұлғааралық өзара әрекеттестік өзара түсіністік, өзара ықпал,
өзара әрекет, өзара қатынастар, қарым-қатынас феномендерінің
көмегімен сипатталады.

    Индивидтердің арасындағы айырмашылықтар олардың
болашақта өзара әрекеттесулерінің (оның басқа түрлері – қарым-
қатынастың, өзара қатынастардың, өзара түсіністіктің), сондай-ақ
тұлға ретінде олардың өздерінің негізгі шарттарының бірі болып
табылады.

    Кез келген қатынас әдетте басқа адамдардың нақты-сезімдік
сыртқы көрінісін, іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, мінез-
құлықтарын қабылдаудан басталады. Бұл кезеңде негізінен
индивидтердің бір-біріне қатысты эмоциялық-мінез-құлықтық
реакциялары басым болады. Қабылдау-қабылдамау қатынастары
ым-ишарада, дене тұрқысында, көзқарасында, сөйлеу мәнерінде,
қарым-қатынасты аяқтау немесе жалғасытру ұмтылысында
көрініс береді. Ол адамдардың бір-біріне ұнау-ұнамауларының
дәлелі болып табылады. Егер адамдар бірін-бір ұнатпаса
қалыптасқан қатынасты екіжақты аяқтау немесе жоққа шығару ре-
акциялары байқалады. Керісінше, адамдар өздеріне күлімсіреген,
көзіне тік әрі ашық көзқараспен, турасынан бұрылып қараған,
сергек те көңілді интонациямен сөйлеген, сенімін ақтайтын және
біріккен күш-қуаттын негізінде болашақта ынтымақтастықты
жалғастыруға болатын адаммен араласуға тырысады.

    Студенттік кезең ерекше коммуникабелділікпен,
креативтілікпен, ақыл-ой қабілеттерінің дамығандығымен,
ой-өрісінің кеңдігімен, сыртқы және ішкі факторларға
психологиялық тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұл кезеңде сту-
денттер өзінің курстастарымен, төменгі және жоғарғы курстағы
студенттермен араласады.

    Студенттердің өздерінің курстастарымен өзара әрекеттестігі

                                    311

⇐ МАЗМҰНЫ
   306   307   308   309   310   311   312   313   314   315   316