Page 303 - index Bapaeva
P. 303

қалыптастырады. Аудиториядан тыс уақытта өздігінен ізденіп,
белгілі бір нәтижеге жету шығармашылықтың қалыптасуына
негіз болады.

    Студенттер осындай жүйелі жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстың нәтижесінде өз бетінше ізденуге, ойын тұжырымдауға,
шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бейімделеді.

    Оқу әрекеті оқытудың ерекше қыры болып табылады, себебі сту-
дент оны өзі жүзеге асырады және өзін-өзі белсенді түрде өзгертіп,
ұйымдастырады. Студент өзінің оқу әрекетінде жаңа, тіпті көп
жағдайда жоғары сатыға көтеріледі – мұғалімнің жетекшілігімен
және күнделікті сабақтағы байқаған мәліметтерден қоршаған
ортаның ғылыми бейнесін өз бетінше игереді және өз бетімен
оқу тәсілдеріне ие болады.

    Дәл осы жағдайда студенттердің ЖОО оқу өндірісіндегі
«жақын даму аймағы» жан-жақты қызмет етеді – дербес түрде
мұғалімнің көмегімен жаңа теоретикалық білімдерді сынау,
игеру мен қолдану, қолданбалы іскерліктерді практика арқылы
өз бойына сіңіру және дағдыларға айналдыру. Тұлғалық
жағдайда да жақын даму аймағының студенттің өмірлік бет
алысын анықтауында, кәсіби өзіндік бағалауды қалыптастыруда
әлеуметтік және рухани құндылықтарды белгілеуде көрінеді.
Студенттердің құндылық жүйелерінің айырмашылықтарында
және олардың тұлғалық кемелденуінің деңгейінде, сонымен
қатар оқытудың табыстылығымен байланысты студенттердің
көпқырлы типологиясының бірнеше түрде сипатталуын
анықтауға болады. Осы типологияны құру үшін негізгісі ең
алдымен студенттердің мамандыққа, оқуға, ғылымға деген
қатынастарды және студенттердің өмірлік құндылықтар жүйесі
мен бағдарлары болып табылады.		

    Оқу іс-әрекеті сипаттамасы және оған сәйкес мінез-құлық
моделі бойынша студенттердің үш типін ажыратуға болады:

    ●● Студенттердің бірінші типіне сәйкес олардың
қызығушылықтары білімнің жоғарғы шегіне шығады, оқу жос-
парлары мен пән бағдарламаларын жан-жақты қарастырады.
Олар ЖОО өмірінің барлық сфераларында белсенділік таны-
тады және болашақ мамандығына байланысты әртүрлі кәсіби
дайындықтарға өздерін бағыттайды.

    ●● екінші тип мамандық жайында нақты мәлімет алуға
бағытталған. Бұл жерде студенттердің танымдық іс-әрекеті

                                    303

⇐ МАЗМҰНЫ
   298   299   300   301   302   303   304   305   306   307   308