Page 306 - index Bapaeva
P. 306

• болашақтағы тәжірибелік жұмысқа даярлық және кәсіби
дербестілік сезімі нығаяды.

    Студент тұлғасының психологиялық дамуы – қарама-
қарсылықтардың таңдауы мен шешімін табуының, сыртқының
ішкіге көшуінің, өзін-өзі қозғалысқа келтіру, өзін дамытуда
белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үдерісі.

    Студенттік жастардың құрамды бөлігі бола тұра өмірдің,
еңбек пен тұрмыстың ерекше жағдайларымен, әлеуметтік мінез-
құлықпен және психологиямен, құнды бағдарлардың жүйесімен
сипатталатын ерекше әлеуметтік топты білдіреді. Оның өкілдері
үшін материалды және рухани өндірістің таңдалған аумағындағы
болашақ іс-әрекетке дайындық жалғыз болмаса да басты міндеті
болып табылады.

    Әлеуметтік топ ретінде студенттік нақты әлеуметтік маңызды
ұмтылыстары мен міндеттері бар жастардың одағы болып та-
былады. Сонымен қатар студенттік оқып білім алған жастардың
ерекше тобы бола тұра, тек өзіне тән ерекшеліктерге ие.

    Бірқатар бітістерді студенттердің айрықша ерекшеліктерінің
қатарына жатқызуға болады. Ең алдымен әлеуметтік мәртебе.
Жоғарыда атап өткеніміздей, студенттіктің жастардың анағұрлым
даяр, білімді бөлігі болуы, сөзсіз оны жастар тобының алдыңғы
қатарына шығарады. Ол өз кезегінде студенттік жас шамасы
психологиясының ерекше бітістерінің қалыптасуын болжайды.

    Студенттердің көпшілігі жоғары оқу орнында білімін аяқтап,
сонын негізінде жоғары білімге ие болу арманын жүзеге асыруға
тырысып, жоғары оқу орнының жастардың әлеуметтік алға
басуының негізгі құралдарының бірі болып табылатынын сезінеді,
ал ол әлеуметтік алға басудың психологиясын қалыптастыратын
объективті алғышарт ретінде қызмет етеді.

    Жоғары білімді алудағы мақсаттардың ортақтығы, еңбектің
біріңғай түрі – оқу, өмір салты, жоғары оқу орнының қоғамдық
істеріне белсенді қатысу студенттердің бірауыздылығына
ықпал етеді. Ол студенттердің ұжымдық іс-әрекетінің көптеген
түрлерінде көрініс табады.

    Қоғамның әрқилы әлеуметтік ұйымдарымен белсенді өзара
әрекетесудің, сондай-ақ жоғары оқу орнында оқу ерекшеліктерінің

           306

⇐ МАЗМҰНЫ
   301   302   303   304   305   306   307   308   309   310   311