Page 310 - index Bapaeva
P. 310

қасиеттердің қайсыбір тобы басым болады. Топтың дамуы-
на қарай қабылдаудың әртүрлі сапалы өлшемдері анағұрлым
бірқалыпты қолданылатын болады; қабылдау үдерісі белгілердің
қайсыбір нақты тобын таңуда аса айқын таңдамалылық
байқалмайтын болады.

    4. Бірлескен іс-әрекеттің дамуына қарай қабылданған объекті
күйлерінің анағұрлым толыққанды әрі жан-жақты сипатталатын
болады. Ол қабылдау объектісіне таңылатын белгілер санының
артуында, сондай-ақ тікелей бақылауға аса ашық болмайтын
сипаттамалардың үлесінің артуында анықталады. Аталған
өзгерістердің қарқындылығы бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру
түрлеріне де байланысты болады: анағұрлым тығыз кооперация
жағдайында бейнелену толыққандылығы еселенген дәрежеде ар-
татын болады.

    Өте қысқартылған түрде өзара әрекеттестікті келесі
жағдайлардан құралатын үдеріс ретінде анықтауға болады:

    •	 физикалық қабылдау;
    •	 кеңістікте орын алмастыру;
    •	 қатысушыларының қабылдауы мен қатынастарына;
    •	 рухани вербалды қатынасу;
    •	 вербалды емес ақпараттық қатынасу;
    •	 бірлескен топтық іс-әрекеттен.
    Өзара әрекеттестіктің құрылымына әдетте:
    •	 өзара әрекеттестік субъектілерінен;
    •	 оның субъектімен өзара байланысынан;
    •	 олардың бір-біріне өзара әрекеттестігінен;
    •	 өзара әрекеттестік субъектілерінің өзара өзгерістерінен
құралады.
    Тұлғааралық өзара әрекеттестік субъектілердің, тұлғалардың
арасындағы өзара әрекеттестік, қызмет еткен байланыс бо-
лып табылады. Оның құрылымында көбінде практикалық,
мінез-құлықтық, аффективті, гностикалық (А. А. Бодалев);
мінез-құлықтық, аффективті, когнитивті (Я. Л. Коломинский);
реттегіш, аффективті, ақпараттық (Б. Ф. Ломов) атты үш құрамды
және өзара байланысқан компонент ерекшеленеді. Аталмыш
компоненттердің әрқайсысының үлкен психологиялық мазмұны
бар. Психологиялық компонент нәтижелер мен қылықтардың, ым-
ишараны, пантомимика мен сөйлеуді қамтиды, яғни барлық адам-

                                    310

⇐ МАЗМҰНЫ
   305   306   307   308   309   310   311   312   313   314   315