Page 304 - index Bapaeva
P. 304

оқу бағдарламаларымен танысуымен шектеледі. Белсенділіктің
барлық жүйесі «кәсіптің маңайындағы қызығушылық»
шеңберінде ғана жүзеге асады.

    ●● үшінші типтегі студенттерде танымдық белсенділік
оқу бағдарламасы шеңберіндегі білім мен дағдыларды
меңгеруге бағытталған. Бұл студенттер белсенділік пен
шығармашылықтарының аз деңгейін жүзеге асырады. Оқыту іс-
әрекетінің мотивация мәселесінің шешімі оны ұйымдастырудың
мазмұны мен формасын анықтауда туындайды. Оқу мате-
риалын қабылдау, оның түсініктілігі мен меңгерудің тереңдігі
мотивацияның интенсивтілігіне тәуелді. Осыған байланысты
мұғалімнің маңызды мақсаттарының бірі – оқушылардың
мотивациясын күшейтетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың
әдістерін табу. Бұл арнайы ұйымдастырылған жұмыста мотива-
ция аймағының қайта құрылмайтындығын, оның құрылымының
өзгермейтіндігін және мотивтердің дамымайтындығын
көрсетеді. Студенттің жекелік мотивациялық аймағын зерттеу-
де тиімді бағыттардың бірі бірлескен іс-әрекеті жағдайындағы
оқудың қайта құрылуы болып табылады. Бұл жағдайда оқу,
біріншіден, студенттің оқытушымен және өзге студенттермен
бірігіп атқарған іс-әрекеті ретінде қарастырылады. Екіншіден,
бұл іс-әрекет білімді меңгеруге ғана емес, қарым-қатынас
жүйелерін құруға, бірге еңбек ету мен қарым-қатынас білім
берудің барлық сатыларында оқудың жетекші әрі ынталанды-
рушы факторы ретінде қарастырылады. Оқу мотивациясына
әлеуметтік тәжірибені меңгеруді қамтамасыз ететін, іс-әрекет
ретінде анықтайтын, өзге жағдайлар ішінде оған біршама
маңызды үстемділік ететін рөлі тән келеді.	

    Білім беру үдерісіндегі тұлға қоғамның және әлеуметтік
топтардағы мінез-құлық үлгілерін оларға мүшелік ету арқылы
меңгереді, не болмаса өзінің мінез-құлқын олардың нормалары
мен құндылықтарымен салыстырады. Студенттердің тіршілік
әрекеттерінің ерекше түрін білдіретін оқу тобы қоғамның
білім беру аумағындағы тұлғаға ықпал ететін жақын әлеуметтік
орталардың бірі болып табылады. Студенттік топтардың
білімдердің «тасымалдаушысы» және тұлғалық қалыптастыру
орта ретіндегі осындай ерекшеліктері әртүрлі ғылымдардың тара-

           304

⇐ МАЗМҰНЫ
   299   300   301   302   303   304   305   306   307   308   309