Page 324 - index Bapaeva
P. 324

Медицина ғылымында қартаю – бұл организмде жас
өзгерістерінен заңды түрде туындайтын физиологиялық үдеріс.
Қартаю үдерістеріне әртүрлі жүйелерде әртүрлі жылдамдықта
байқалатын жас шамалық өзгерістердің дамуы тән. Адамның жас
шамасы календарлық және биологиялық болып бөлінеді. Адамның
биологиялық жасы оның зат алмасу, құрылымдық, қызметтік,
реттеушілік ерекшеліктері мен бейімделу мүмкіншіліктерінің
жиынтығымен анықталатын жағдайы болып табылады. Кәсіби
зияндылықтар, ауыр дене еңбегі, ауыр күйзелістер, кофе, күрең
шәйді қолдану, ішімдік ішу, темекі шегу сияқты факторлар
қартаю үдерісін жеделдете түседі. Жастың қартаюына байланыс-
ты адамның салмағы да өзгереді. 35-60 жас аралығындағы ер-
лерде салмақ жыл сайын 0,2-0,8 кг-ға өседі. 60 жастан кейін май
қатпарының өсуіне қарамастан дененің жалпы салмағы азаяды.
Осы сияқты өзгерістер әйелдерде де байқалады. Жас келген сайын
көлденең-жолақ бұлшық еттердің, бауырдың, лимфа жүйелерінің
атрофиясы (сему) байқалады. Адам салмағының төмендеуіне
сүйек жүйесінде байқалатын өзгерістердің біраз әсері бар.

    Қартайғанда ДНК-нің (дезоксирибонуклеин қышқылы) бай-
ланысу қарқыны төмендейді, қайта түзелетін РНК (рибонукле-
ин қышқылы) мөлшері азаяды, осыған байланысты түзілетін
белоктардың құрылымында өзгерістер байқалады. Қартайған ор-
ганизмде иммунитеттің жасушалық және гуморальдық факторла-
ры белсенділігінің төмендеуі орын алады.

    Қартайған сайын жүректің жиырылу саны төмендейді,
осыған байланысты минуттық көлемі және жүрек индексі азая-
ды. Қан тамырларында атеросклерозды үдерістер қалыптасады,
ол қан айналымының төмендеуіне әкеледі, мүшелердің қанмен
қамтамасыз етілуі төмендейді. Артериялық қан тамырларының
тарылуына байланысты қарттарда қан қысымының көтерілуі
(140/90 мм. сын.бағ.) байқалады. Вена қан тамырларында скле-
роз үдерістері жүреді, вена қан тамырларының созылғыштық
қасиеті төмендейді, венадағы қысым төмендейді, қанның іркілуі
байқалады, ол тромбоз ауруларының пайда болуына әкеліп
соқтырады. Май, зат алмасуы бұзылады, қан құрамында майдың,
холестериннің көбеюі байқалады, ол жүректің ишемиялық
ауруларының дамуына әкеліп соқтырады. Тыныс алу мүшелері
жағынан өкпенің тіршілік ету көлемі төмендейді, тыныс алу

                                    324

⇐ МАЗМҰНЫ
   319   320   321   322   323   324   325   326   327   328   329