Page 325 - index Bapaeva
P. 325

жиілігі өседі, өкпенің созылғыштық, бронхының өткізгішітік
қасиеттері төмендейді, қан айналым бұзылады, өкпеде іркілу
үдерістері байқалады. Осыған байланысты қарт адамдарда өкпенің
аурулары (іркілу пневмониясы) жиі кездеседі. Қартайған кезде
эритроциттің саны кемиді, гемоглобин мөлшері (120 г/л) азаяды,
яғни қан аздық ауруы дамиды, витаминдер мен минералды заттар
мөлшері азаяды. Қанның ұю жылдамдығы жоғарылайды, тамыр
ішінде тромбының пайда болуы жеделдейді.

    Қартайған сайын есте сақтауы төмендейді, ұмытшақтық пай-
да болады. Ұйқы уақыты азаяды, күндіз қалғып кететін сәттер
байқалады. Қартайған кезде ерікті қимыл-әрекеттерді реттеу
механизмдері бұзылады, кеңістіктегі дене қалпын бақылауы
қиындай түседі. Бұлшық еттердің салбырап, оның ширығу
қасиетінің төмендеуіне байланысты кейбір мүшелердің қызметі
(үлкен, кіші дәретті ұстай алмау сияқты) бұзылады.

    Қарт адамның тағы бір ұрымтал тұсы – иммун жүйесінің
әлсіреуінен келетін аурулар. Тіпті, қазіргі медицинада қауқары
кеткен кәрі ағзаның күші келмейтін кейбір ауруларға қатысты
«кәрі адамдарға тән ауру» деген түсінік те бар. Мысалы,
жас адам өкпенің қабынуынан тез-ақ айығып кетсе, мұндай
кеселдің кәрі адамның түбіне жетуі де соншалықты оп-оңай.
Жүрек, бүйрек, ми және өкпе сияқты органдардың жұмысы
нашарлайды. Бұған белгілі бір мөлшерде осы органдар
жасушаларының жоғалуы мен олардың қайтып орнына келу
мүмкіндігінің төмендеуі себеп. Қарт адамның жасушалары жас
кезіндегі мүмкіндіктерін біртіндеп жоғалтады. Жасушадағы
кейбір ферменттердің де жұмысы баяулайды. Бір сөзбен айтсақ,
адам ағзасындағы қартаю үдерісі барлық деңгейде жүретін
көрінеді. Қартаю кезіндегі ми жұмысындағы елеулі өзгерістер
– есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетінің баяулауы. Осы екі
фактор қарттардың қоғам ырғағымен өмір сүру мүмкіндігін шек-
теп, көптеген зерттеулердің басты нысанына айналып отыр. Сөйте
тұра, егер қарт адамның заманауи білімді көп талап етпейтін
белгілі бір тапсырманы шешуіне жеткілікті уақыт берілсе, қарттар
жастарға көп есе жібере қоймайды. Әсіресе, сөздік қоры, жалпы
білім жағынан немесе адамның өзі үйренген саласына қатысты
ойлау қабілетіне келгенде кәрілікке байланысты «өнімділіктің»
төмендеуі, тіпті де байқалмауы мүмкін.

                                    325

⇐ МАЗМҰНЫ
   320   321   322   323   324   325   326   327   328   329   330