Page 326 - index Bapaeva
P. 326

Кәрілікке байланысты адам ағзасында байқалатын
физиологиялық үдерістер көп ғалымдардың пікірлері бойынша
біріншілік ауру болып есептелінбейді, бірақ организмнің қызмет
ету мүмкіншілігінің шектелуіне әкеліп соқтырады, оның әртүрлі
залалды әдеттерге төзімділігін төмендетеді.

    Кәрілік – адамның тарихи-эволюциялық дамуының әртүрлі
сатыларында және әртүрлі экологиялық-популяциялық және
әлеуметтік топтар ішінде шартты және шекаралық түрде ауысып
тұратын биопсихологиялық және әлеуметтік тарихи түсінік.

    Адамның дүниеге келген уақытынан бастап өмір сүру кезеңі
3-тен 24-ке жетуі мүмкін. Оның ішінде ең қарапайым және
қолайлы топтастыру бойынша адамның өмір сүру кезеңдері 3
кезеңнен тұрады:

    • Балалық шақ кезеңі;
    • Жетілу кезеңі;
    • Кәрілік кезеңі.
    Ежелгі грек философы және математик Пифагор (б.э.д. ІV ғ.)
адам өмірінің кезеңдерін жылдың 4 мерзіміне сәйкес келетіндей
4 кезеңге бөледі:
    • Қалыптасу кезеңі – «көктем» (0-20 жас);
    • Жастық кезең – «жаз» (20-40 жас);
    • Күш-қайраттың тасу кезеңі – «күз» (40-60 жас);
    • Солу-кәрілік кезеңі – «қыс» (60-80 жас);
    Тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде және әртүрлі елдер
шекарасында кәріліктің басталу кезеңі әртүрлі болады. Оны
төмендегі берілген кестеден байқауға болады (15-кесте).

                                                                        15-кесте.
Әртүрлі елдердегі ғалымдардың кәріліктің шекарасын айқындауы

Негізгі деректер      Кезеңі               Кәріліктің басталу
                                              уақыты, жасы
Пифагор               Ерте тарихи кезең
Гиппократ             Ерте тарихи кезең  60
Қытай ғалымдары       Ерте тарихи кезең
Орта ғасыр ғалымдары  Ерте тарихи кезең  56-63

                                         70

                                         Ерлерде - 50
                                         Әйелдерде - 30

                      326

⇐ МАЗМҰНЫ
   321   322   323   324   325   326   327   328   329   330   331