Page 328 - index Bapaeva
P. 328

Саяси Декларация мен қартаю проблемалары жөніндегі Іс-
əрекеттердің Мадридтік Халықаралық Жоспарын қабылдады,
Жоспарда қартаю проблемалары жөніндегі стратегия мəселелері
əлеуметтік қамсыздандырудың тар ауқымдарымен салыстырғанда
анағұрлым кең мағынада қаралды жəне құжатта даму саласындағы
саясат мəселелерін талқылау қажеттілігіне баса назар аударылады.
Жыл сайын жер бетінде қартайған адамдардың саны 2,4 пайызға
өседі екен. Кейбір болжаулар бойынша 2020 жылы кәрі және
қартайған адамдардың саны 1 млрд-қа жетеді. ХХ ғасырдағы адам
жетілуінің жылдам дамуын (акселерация), қартаю үдерісінің
кешеуілдеуін, тіршілік ету ұзақтығының ұзаруын адамның тарихи-
эволюциялық дамуындағы жаңа құбылыс деп қарастыруымыз ке-
рек.

    Халықтың қартаю үдерісі – қазіргі кезде көптеген елдерде
байқалып отырған құбылыс. Мамандардың болжамы бойынша,
2050 жылға қарай егде жастағы адамдардың саны жастардың
жалпы санынан асып кетеді, бірқатар дамыған жəне дамушы ел-
дерде бұл үдеріс 1998 жылда-ақ байқалған. Егде жастағы адам-
дар үлесінің көбеюімен көрсетілетін халықтың қартаю үдерісі
туудың жиынтық коэффициентінің төмендеуінен жəне өмір сүру
ұзақтығының өсуінен туындайды: ол қазір іс жүзінде жаппай
дерлік байқалып отыр. Халықтың қартаюы Францияда XVIII
ғасырдың соңында басталды да, содан кейін бірте-бірте барлық
дамыған елдерге тарады. Бірақ егде жастағы адамдар үлесінің
ұлғаюы қазіргі кездегідей бұрын ешқашан соншалықты жыл-
дам жəне ауқымды болған емес. Халықтың қартаюы мен аралас
мəселелерді зерттеп-зерделеуші сарапшылар жас дəрежесіне
қатысты əркелкі тəсілдерді ұстанады. Н. Н. Сачук ДДСҰ
(Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы) Еуропалық аймақтық
бюросының деректерін (1963) келтіреді, ол бойынша 60-тан 74
жасқа дейінгі адамдар – егде жастағы адамдардың, 75 жəне одан
жоғары жастағылар – қарт адамдардың, 90 жəне одан жоғары
жастағылар ұзақ жасаушы адамдардың қатарына жатқызылады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 1982 жылы 65 жасты егде
жастың көрсеткіші ретінде таңдады, ол қазіргі кезде көпшілік ел-
дерде жаппай танылған көрсеткіш болып табылады.

    1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды
Халықаралық қарттар күні деп бекітті.

                                    328

⇐ МАЗМҰНЫ
   323   324   325   326   327   328   329   330   331   332   333