Page 327 - index Bapaeva
P. 327

Орыс демографы:      19-ғасырдың 1-ші  15-кестенің жалғасы
А.П.Рославский-      жартысы           61
Петровский
                                       55-60, 70
Француз физиологтары 19-ғасыр          50 жас-кәрілік;
                                       70 жас-аса кәрілік
Неміс физиологы      1854-1932 жж..    65 жас ерте кәрілік;
М.Рубнер                               75 жас кәрілік
                                       50-60 жастан астам
АҚШ денсаулық        1939 ж.

сақтау ассоциациясы

Ағылшын физиологы 20-ғасыр

    Жалпы қартаю кезеңі жаңа демографиялық кезең болып табы-
лады. Көптеген елдерде 60-65 жастан асқан адамдар тобы 20%-
дан жоғары екендігі дәлелденді. Қазіргі кезде адамдардың орта
кезеңдегі өмір сүруі олардың ата-аналарына қарағанда әлдеқайда
жоғары, сонымен бірге, бұл ересек және қартаю жастың
әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін жалғастыру кезеңі
екенін білдіреді. Саяси-әлеуметтік экономика қоғамның мәдени
өмірін және адам дамуындағы мінез-құлықтарының нығаюын та-
лап ететін кезең болып табылады.

    Қазір медицина саласындағы бәзбір жетістіктер мен өмір сүру
деңгейінің көтерілуі адамзаттың орташа өмір сүру ұзақтығын
айтарлықтай өсірді. Бірақ әлемнің көптеген елдерінде бұл
үдеріс енді халықтың қартаюына әкеп соғуда. Әсіресе, Батыс
Еуропа елдерінде, халықтың қалған бөлігімен салыстырғанда,
мұқтаждықтары өзгеше келетін егде адамдар үлесінің артуымен
бірге соңғы жылдары кәрілікке байланысты әлеуметтік және
экономикалық мәселелер туындап отыр.

    Қартаю проблемалары жөніндегі ең бірінші халықаралық
құжатқа қартаю проблемалары жөніндегі іс-əрекеттердің
Халықаралық жоспары жатады, осы құжатты 1982 жылы БҰҰ
(Біріккен Ұлттар Ұйымы) Бас Ассамблеясы мақұлдады жəне ол
халықтың қартаю проблемаларын тиімді шешу саласы мен егде
жастағы адамдардың даму саласындағы мүмкіндіктерін қарауға
қатысты үкіметтер мен азаматтық қоғамның əлеуетін күшейтуге
нысаналанған. Халықтың қартаюы жөніндегі 2002 жылғы
сəуірдегі екінші Дүниежүзілік Ассамблеяда БҰҰ мүше елдері

                              327

⇐ МАЗМҰНЫ
   322   323   324   325   326   327   328   329   330   331   332