Page 329 - index Bapaeva
P. 329

2. Геронтология – қарттар мен егде жастағы адамдардың
психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейтін сала-
сы

    Қай қоғамда болмасын, ең басты құндылық – адам мен оның
өмірі. Еңбек белсенділігі жоғары, дені сау ұлты бар мемлекеттің
болашағы да зор саналады. Сондықтан бүгінгі таңда адам
ағзасының қартаю үдерісін зерттейтін геронтология ғылымы ең
қызықты ғылымдардың біріне айналған.

    Қартаю жөніндегі ғылым – геронтология (грек сөзі gerontos-
кәрі, қартайған адам) адам қартаюының қалыпты үдерісін, кәрілік
өзгерістердің даму қарқыны мен сипатына әсер ететін оның
негізгі белгілері мен факторларын, адам организмінің қартаю
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

                                                                        16-кесте.

   Біздің еліміздегі қабылданған жас шамалық кезеңінің схемасы

Кезеңдері                               Шекарасы

Нәресте кезеңі           1-10 күн

Емшек емізу кезеңі       10 күн -1 жыл

Ерте балалық шақ         1-3 жас

Алғашқы балалық шақ 4-7 жас

Екіншілік балалық шақ    Ер балаларда 8-12 жас
                         қыз балаларда 8-11 жас

Жасөспірім жас           Ер балаларда 13-16 жас
                         қыз балаларда 12-15 жас

Бозбалалық жас           Ерлерде 17-21 жас
                         әйелдерде 16-20 жас

Біріншілік жетілу кезеңі Ерлерде 22-35 жас
немесе ересектік кезең әйелдерде 21-35 жас

Екіншілік жетілу кезеңі  Ерлерде 36-60 жас
немесе ересектік кезең   әйелдерде 36-55 жас

Қарттық кезең            Ерлерде 61-74 жас
                         әйелдерде 56-74 жас

Кәрілік кезең            Ерлерде және әйелдерде
                         75-90 жас

Ұзақ жасайтындар         Ерлер мен әйелдерде 90 жас және одан
                         жоғары

                         329

⇐ МАЗМҰНЫ
   324   325   326   327   328   329   330   331   332   333   334