Page 330 - index Bapaeva
P. 330

Геронтология ілімі ХХ ғасырдың басында өз алдына ғылыми
ілім ретінде қалыптасқан тіршілік ету ұзақтығын, яғни орга-
низм өмірінің ұзақтығын анықтау механизмі жөніндегі биоло-
гия ғылымымен тығыз байланысты. Осы тұрғыда американдық
ғалым Р. Пирл, сонымен қатар белгілі геронтологтар А. Комфорт
және Б. Стрелердің алатын орны ерекше. Ресейде бұл ілімнің
алғашқы қалыптасуы Пирлдің шәкірті, профессор В. В. Алпатов
еңбектерімен тығыз байланысты. Кейбір геронтологтар тіршілік
ету ұзақтығының биологиясын геронтология ілімінің бір тарауы
деп есептейді.

    ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда қариялар мен
мүгедектер үйі, ауруханаларда геронтология және гериатрия
кабинеттері (Алматы, Қарағанды, т.б.) ашылды, жүйелі зерттеу-
лер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың
әлеуметтік-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері
анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен
қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді. Егде
тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек
ақауларына сипаттама берілді. Физиологиялық және биохимиялық
көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан
және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі
ұсынылды.

    Геронтология мен гериатрия ілімі тығыз байланысты, ол
кәрі және қарттық жастағы адамдардың ауруларын зерттейді.
Геронтологияның негізін қартаю үдерісінің биологиясы құрайды,
дегенмен қартаю мәселесі кешенді үдеріс: биомедициналық,
психологиялық, антропологиялық, әлеуметтік, экономикалық
негізді құрайды. Кәріліктің алғашқы анықтамасы және оның
себептері ескі дәуірге жатады. Ұлы дәрігер Гиппократ (б.д.д.
ІV-V ғ.) кәрілік деген ұғымды табиғи жылулықтың кетуі және
организмнің кеуіп қалуының нәтижесі деп түсінді. Философ Пла-
тон кәрілікке орта жастағы адамның өмір сүру салты әсер етеді
деп көрсетті. Кәрілікті баяулату рецептері ежелгі Қытай және
ежелгі Индия медициналарында келтірілген.

    Адам денсаулығы және оның өмір жасының ұзақтығы
организмнің қартаю сипатымен тығыз байланысты. Егде
тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық
медицинаның гериатрия (грек.geron және iatreia – емдеу) деп ата-
латын бөлімі зерттейді.

                                    330

⇐ МАЗМҰНЫ
   325   326   327   328   329   330   331   332   333   334   335