Page 331 - index Bapaeva
P. 331

Геронтология кезеңін дәстүр бойынша 3-ке бөлеміз.
    1. Мосқалдық кезең (ерлер үшін 60-74 жас, әйелдер үшін 55-
74 жас);
    2. Қарттық кезең (70-90 жас);
    3. Ұзақ жасайтындар (90 жастан жоғары).
    Ресейде және бүкіл дүниежүзінде геронтологияның негізін
салушы әйгілі орыс ғалымы И. И. Мечников. Геронтология ілімі
жаңа заманғы түсінікте ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
1958 жылы медицина ғылымының академиясында Ресейде бас
ғылыми-зерттеу геронтология институты ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде Ресейде геронтология ғылыми-зерттеу институты,
аймақтық орталықтар, Мәскеуде Ұлттық геронтология орталығы
жұмыс істейді.
    Қазіргі заманғы геронтологияның негізгі міндеті: мезгілінен
бұрын қартаюдың алдын алу, денсаулықты және белсенді ұзақ
өмір сүруді сақтау, қартаю ерекшеліктерін, қартаю үдерісіне
қоршаған ортаның, оның ішінде антропогенді (өмір сүру салты,
еңбек, әлеуметтік жағдай) факторлардың әсерін зерттеу болып та-
былады.
    Геронтология ғылымындағы ең басты бағыттардың бірі –
адам өмірін ұзарту. Дәрігерлік көмек пен өмір сүру деңгейінің
жақсаруы арқасында қазір жаһан бойынша адамдардың өмірі
біршама ұзарды. Ғалымдардың пікірінше, индивидум деңгейінде
дұрыс диета сақтау, қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау және
темекі, арақ-шарап сияқты қауіпті улы факторлардан аулақ
болудың арқасында да өмірді аздап ұзартуға болады. Әйтсе де бұл
факторлар көбінесе кәрілікті жеңуге емес, «кездейсоқ» ажалды
жеңуге ғана бағытталған.
    Әлемде адамның қартаю жылдамдығын баяулатудың бірнеше
«жеміс беруі мүмкін» стратегиясы ғана бар. Зерттеушілер солардың
арқасында қартаю жылдамдығын төмендетіп, өмірді ұзартпақ. Мы-
салы, адам органдарын клондау арқылы қолдан өсірілген орган-
дармен алмастыру немесе антиоксиданттар, гармон деңгейіндегі
терапия арқылы ағза жасушаларын молекулярлық «жөндеуден»
өткізу сияқты тұжырымдар пайда болды. Алайда бұл бағыттарда
да әзірге ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелер жоқ.
    Қартаюдың табиғатын анықтаумен геронтология ғылымы
айналысады. Бұл ғылым физиологиялық өзгерістермен

                                    331

⇐ МАЗМҰНЫ
   326   327   328   329   330   331   332   333   334   335   336