Page 332 - index Bapaeva
P. 332

қатар, қарт адамдардың қоғамдағы әлеуметтік рөлін де терең
зерттейді. Геронтологияның мақсаты – кәрілікке байланыс-
ты туындайтын кейбір кемшіліктерді жеңу. Өйткені әрбір жас
тобының әлеуметтік мәртебесі мен қоғамдағы орны сол топтың
экономикалық «жетістіктерімен» тығыз байланысты. Мыса-
лы, ауыл шаруашылығы саласында қарт адамдардың мәртебесі
жоғары. Олардың өмірлік тәжірибесі жоғары бағаланып, олардың
біліміне деген сұраныстың арқасында қарт адамдар қоғамның
белсенді мүшесі болып қала береді. Бірақ соңғы ғасырлардағы
индустриализация мен урбанизация деңгейінің күрт өсуінен
қарт адамдардың қоғамдағы рөлі төмендеп келеді. Соңғы зерт-
теулерге қарағанда, қарттардың өз маңыздылығын жоғалтуына
олардың еңбекке деген қабілетсіздігі емес, үздіксіз білім алу мен
жаттығуларды талап ететін жаңа технологиялардың енгізілуі
себеп болып отырған көрінеді. Әйтсе де, кейбір салаларда қарт
адамдар әлі де жоғары белсенділігін сақтап келеді, мәселен, сая-
сатта.

    Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен
мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір сала-
сы геронтологиялық психологиясы зерттейді. Ол қартаюдың
белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық
мүмкіндіктерін (қимыл белсенділігінің баяулауы, күш қуаты
азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін
қарастырады. Психика функцияларының (зерде, ес, зейін және т.б.)
өзгерістер біржақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психика-
сына интеллектуалдық және эмоциялық ішкі әлемге кету, өткізген
өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі
басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер
тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивті құбылыс деп
қарамау керек, қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның
рухани жетілу деңгейі төмен болады. Мысалы, қанағаттану, па-
рызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.с.с.
қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі.
Қарт адамның шығармашылық белсенділігі жоғары болатындығы
жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері мен
өзгерістеріне ерте кезден назар аударса, геронтология ғылымы
пән ретінде егде жастағы адамның көбеюі; олардың жұмысқа
қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің

                                    332

⇐ МАЗМҰНЫ
   327   328   329   330   331   332   333   334   335   336   337