Page 334 - index Bapaeva
P. 334

кезеңінде өзгеріске душар болады. Бұл кәріліктің механикалық
өзіндік регуляциясын анықтауға негіз болады. Сондай-ақ
кәрілердің проблемасы – биологиялық жүйенің функционалдық
сәйкестігі, яғни өзіне лайықты психологиялық және өзін қоршаған
әлеуметтік кеңістігіне бейімделуінсіз бұл орындалмайды. Қартаю
– бұл жаңа әлеуметтік рөлге көшу, яғни жаңа жүйелік топпен
өзіндік қарым-қатынас орнайды. Дәл қазіргі уақытта кәрілік
кезеңіне ғылыми қызығушылық тууда, бұл кезең жайлы білім
өмірде ешқандай күмән туғызбайды. Геронтопсихология – бұл
қазіргі даму психологиясының ең жас бөлімі. Қарттық кезеңнің
проблемасына деген психологиядағы қызығушылықтың басты
екі себебі бар. Біріншіден, қарттық кезең жаппай өшу үдерісі емес
екендігін көп ғылымдар зерттеді. Б. Г. Ананьев геронтологтар
қарттық кезеңде адам мүгедектік үдерісіне жақын болады, соны-
мен қоса өзге де үдерістер мен мүгедектік күшке қарсы факторлар
жүзеге асады деген қорытындыға келді, дейді.

    Геронтология ғылымы жаппай және бір мезгілдегі қартаюдың
бұрынғы мазмұнын өзгертті, ұзақ өмір сүру проблемасына
өте үлкен назар аударды. Қазіргі күнде геронтологтар қарттық
кезеңдегі организмнің өзіндік бейнесін қайта құруын тексеруде,
ерекше қабілет функцияларының жалпы орынға өтуін сақтайды.
Витаукт (vita – өмір, aucfem – ұлғайту) организмнің өмірге
деген қайраткерлігін тұрақтандырады, көптеген өзгерістерді
қалпына келтіріп және олардың орнын толтырады, жаңа қабілет
механизмдерін құрады. Оның екі себебі бар: біріншісі – даму
психологиясының қарттық кезеңіне деген қызығушылық; екіншісі
– қызығушылық пен геронтологиядағы қарттық кезеңді зерттеу
мен интенсивті дамумен байланысты, әлеуметтік-экономикалық
факторлар себепшісі болады.

    Даму психологиясының 90%-ы балалар психология-
сын зерттеумен шұғылданады. Қарттық кезең бұл өте қиын
проблемалардың түрі. Геронтология ғылымының дамуына үлес
қосқан атақты ғалымдардың бірі И.В.Давыдов оның категори-
яларын көрсетті, қарттық кезеңіне жету ешқандай күнтізбеде
көрсетілмегенін айтады. Сонымен қатар, Еуропа бюро аймағында
БДСҰ (Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы) қарттық кезеңнің
басталуы ерлерде 61 мен 74 жас, ал әйелдерде 55 – 74 жас аралығы
деп көрсетеді.

                                    334

⇐ МАЗМҰНЫ
   329   330   331   332   333   334   335   336   337   338   339