Page 333 - index Bapaeva
P. 333

сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгерулеріне, яғни жеке
адамның даму мәселелеріне, т.б. байланыстар пайда болады.

    Қарттық кезең (психологияда) – адам өмірінің соңғы даму кезеңі.
Қарттық жас – адам өміріндегі заңды кезең. Бұл кезеңдегілердің
ерекшеліктері, адамның циклдік өмір жүйесіндегі айрықша рөлі,
қарттық кезең өзіндік дамудың жалпы перспективасын белгілеп
көрсетеді.

    Қарттық кезеңнің алдында, егер осы жастағылардың мінез-
құлық позициясы жеткіліксіз болса, онда олар өз бетінше шешім
қабылдай алмайды. Осыған байланысты Л. С. Выготский қарттық
кезеңде метаморфоз заңының болуы керек екенін көрсетті, кейін
қарттық кезеңде олардың тек қана жойылған қабілетін сипаттау
ғана емес, ең алдымен сапасы тамаша психикасын сипаттау керек,
егер оның дамуында сапасы шынжыр болса ғана деп көрсетті.

    Д. И. Фельдштейн, қарттық кезеңде бұрынғы зардаптары
шығып, аяқтары қақсайды деп көрсеткен. Мүмкіншілік болса,
адам өмірі ұзарады, соның ішінде индивидтің ішкі өзіндік даму-
ында санақ болуы керек. Жасы келген адамда тек қана тәжірибелік
алып беру ғана емес, сонымен қоса болашаққа деген жарыстар
да болады. Қарттар өз өмірінің қарттық кезінде күтім болмаса,
өзіндік ойынан аулақ болса (тастап кетсе), істері аяқсыз қалса
(бітірусіз), онда олардың даму қоры шектелген. Бұл қор, адам
дамуының бүкіл өмірлік дистанциясы созылғанда қалыптасады.
Даму кезеңі, бұл кәрілікпен байланысқан болашақты білдіреді,
яғни кәріліктен белсенді түрде адамгершілік қарым-қатынас тен-
денциясы арқылы шығарады, ол құрмет пен таңдануға байла-
нысты.

    Бұл кезеңнің қызықтысы, кәрілік кезеңде оларда толық әрі
аяқталған мінез-құлық позициясы жоқ. Геронтолог ғалымдар
кәрілік – бұл біріншіден, биологиялық феномен, яғни бұл
психологиялық өзгеріспен бірге жүреді деп санайды. Көптеген
зерттеушілер оның барлық жоғалу жиынтығы – экономикалық-
әлеуметтік, индивидуалдық болады, яғни бұл даму кезеңіндегі
автономия болуы мүмкін.

    Кәрілік жастағы өзгеріс – биологиялық үдеріс, ол тікелей жас
мөлшерімен байланысты болып келеді, ал егер әлеуметтік кезең
болатын болса, адам зейнетке шығады, оның әлеуметтік стату-
сы өзгереді, жүріс-тұрысы өзгереді, соңында психологиялық

                                    333

⇐ МАЗМҰНЫ
   328   329   330   331   332   333   334   335   336   337   338